Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

 

Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдарымен таныстыру.

2) Дамытушылық: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерінің жалғаулықты шылауларын ажырата білуге үйрету.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз ойларын тиянақты түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: тест парақтары, өзін-өзі бағалау кестесі, тірек кесте жазылған плакат, суреттер т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ (алған білімдерін бекіту).

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, жұп жұмысы, топ-тастыру, талдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап әдісі.

Сұрақтар:

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  4. Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

Салалас құрмалас сөйлемдерден алған білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысы. Ол үшін арнайы тест парақтары үлестіріледі. Шектеулі уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, тест парақтарын бір-бірімен алмастырады. Бағалау көрсеткішін тақтаға іліп қоямын да, сол бойынша қателерін тексертіп, бірін-бірі бағалау кестелері бойынша бағалайды.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, оқушы-ларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Сабақ жоспары:

  1. Тест жұмысы.
  2. Жаңа сабақ.
  3. Өзіндік жұмыс.
  4. Жұп жұмысы.
  5. Шығармашылық жұмыс.
  6. Ой қозғау.
  7. Қорытынды.

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

 

Талдау:

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары.

Бір-біріне        біреуі ғана         тек жалғау-

тәуелсіз            жүзеге               лықты шы-

дербес               асады                лаулар ар-

әрекеттер-                                   қылы ғана

ді баяндайды.                             байланыса-

ды.

 

Жалғаулықтары:

Не, немесе           я, яки              әйтпесе,

я болмаса            әлде.

 

Мысалы: Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді. Ертерек үйге дәрігер ша-қыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей ты-ныш жүр.

 

Күрделі мәселе:

Талғаулы шылауларды басқа шылаулардан ажырата алмау.

ӘЕФ:

Жай сөйлем-дерді бай-ланыстыратын жалғаулықтар.

Ережелер

Тәжірибе:

1.     Тест.

2.     Жаңа сабақ.

3.     Өзіндік жұмыс.

4.     Жұп жұмысы.

5.     Шығар-машылық жұмыс.

6.     Ой қозғау.

7.     Қорытынды.

 

 

  1. Өзіндік жұмыс: 114-жаттығу. Өз беттерінше мәтіннен талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
  2. Жұп жұмысы: 115-жаттығу. Екі топтағы жай сөйлемдерді талғаулы салалас құрмалас сөйлем етіп құрап, тыныс белгілерін қою.

VІ. Шығармашылық жұмыс: Талғаулы салаластың жалғаулықты шылау-ларын қатыстыра отырып, өз ойларынан қысқаша «Көктем» тақырыбына әңгіме құрап жазу.

Ой қозғау мақсатында топтастыру. Оқушылардың алдына әр топқа бір-бір плакаттан беріледі. Сол плакатқа тақырып төңірегінде не біледі, жазып шығады.

 

Екі жай сөйлем        аяқталған күрделі ой            аражігіне үтір қойылады

 

Жалғаулықты            Құрмалас сөйлем.                    Жалғаулықсыз

 

Салалас                             Сабақтас                                         Аралас

 

Баяндауыштары тиянақты болады             өзара тең дәрежеде байланысады

 

Интонация арқ.       Салалас құрмалас сөйлем.          Жалғаулық шылаулар арқ.

 

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай

6 түрге бөлінеді.

 

Жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз              дербес әрекеттерді баяндайды

 

Салалас                 Талғаулы салалас.               Жалғаулықты шылаулар арқылы

байланысады

 

іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асады               араларына үтір қойылады.

 

Жаңа сабақты қорыту үшін түсіндірмелі салалас пен талғаулы салаласты салыстыра отырып Венн диаграммасын құру.

 

Түсіндірмелі салалас Талғаулы салалас
 

Ерекшеліктері:

 

Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.

 

Ортақ белгілері:

 

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.

Екі баяндауышы болады. Баяндауыштары салаласа байланысады, яғни тең дәрежеде.

Екі жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіреді.

 

Ерекшеліктері:

 

Жай сөйлемдерді салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады. Талғаулық мағына береді.

Жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде. Немесе шылауы келсе үтір қойылмайды.

 

 

 

 

Осылайша жаңа сабақты қорытып бекіту.

Үйге тапсырма беру. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, олардың жасалу жолдары.

Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою. Сабаққа жақсы, белсенді түрде қатысып отырған оқушыларды мадақтау.