Қазақстан (нәтиже сабақ)

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан (нәтиже сабақ)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша  алған білімдерін тексеру мен пысықтау. Білімдерін нығайту мен нәтижелеу.

Дамытушылық: Балалардың ауызекі сөйлеу мен тілдік қорларын байыту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, есту мен көру қабілеттерін нығайту.

Тәрбиелік: Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Коррекциялық: 1) қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау

2) ауызекі сөйлеу кезінде тіл кемістігін түзету

Сабақтың типі:  өткен тақырыпты қортындылау

Сабақтың түрі:  нәтиже сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, жағырапия

Сабақтың әдістері: Баяндау, сұрақ-жауап, қайталау, аударма, пысықтау

Сабақтың көрнекі құралдары: 1) «Қазақстан» сөзініе ассосация

2) «Білім гүлі» шоқтары

3) Кеспе қағаздары

4) Тақия

Сабақтың оқу құралдары: 1)Дыбыс күшейткіш аппараттары

2) Экран

3) Магнитофон

4)Тірек кестелері 

5)«І»дыбысының фонетикалық жаттығу сызбасы        

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Қазақстан Республикасының Гимні орындалады

— Мұғалім сыныппен сәлемдеседі

— Кезекші арқылы сынып түгенделеді

-Оқушылардың дыбыс күшейткіш аппараттары түгенделіп, іске жарамдылығы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі

— Қазір қандай сабақ ?

— Қазір қазақ тілі сабағы

— Қазақ тілі сабағында біз не істейміз ?

— Қазақ тілі сабағында біз қазақша сөйлейміз, ереже айтамыз, сұрақтарға  жауап береміз, тапсырмалар орындаймыз.

ІІ. Фонетикалық жаттығу: Кезекші дыбыс «І» дыбысы

Мақсаты:  «І» дыбысын дұрыс, таза айтылуын қадағалау

ІЗ-ІШ-ІН-ІНІ — младший брат

КІ-ЛІ-ТІ-ТІС — зуб

Оқыту түрі: топпен

жұппен

жекеше

ІІІ. Тілдерін жаттықтыру: «Қазақстан»

Мақсаты: «Қазақстан»  тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру арқылы тілдерін жаттықтыру. Қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияны қолдану арқылы «Тақия кию» ойынын жүргізе отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз ?
  • Біз өткен тақырып бойынша бір-бірімізге сұрақтар қоямыз, сұрақтарға жауап береміз.

Қойылатын сұрақтар тізбегі: (экран қолданылады)

  • Қазақстан қай құрлықта орналасқан ?
  • Қазақстан Республикасының астанасын ата
  • Қазақстанның қалаларын атап шық
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін ата
  • Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілін ата
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды ?

Пысықтау сұрақтары:(тірек кестелері)

— Біз не істедік ?

— Біз сұрақтарға жауап бердік

  ІV. Өткен тақырыпты қортындылауға арналған тапсырмалар тізбегі:

Сіздерге өткен тақырып бойынша  бірнеше тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындау арқылы «Білім гүлі» атты гүл шоғын құрап шығуымыз қажет.

Бірінші тапсырма: Тақтаға бес бала шығып ,  «Қазақстан» сөзіне ассосация  жазу қажет.

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша  білімдерін бекіту.

Екінші тапсырма:  «Орнын дұрыс тап» ойыны

 Оқушыларға  төрт сөйлем беріледі, сөйлемдерді мағынасы жағынан дұрыс құрып,  әр сөйлем неше  сөзден құралғанын анықтау қажет.

   Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз?
  • Біз сөйлемдерді дұрыс құраймыз, неше сөз бар екенін анықтаймыз.

 Мақсаты: оқушылардың грамматикалық сауатын тексеру.

   Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?
  • Біз сөйлемдерді дұрыс құрадық, неше сөз бар екенін анықтадық

Үшінші тапсырма: «Ту» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз ?
  • Біз сөзді септейміз, фонетикалық талдау жасаймыз.

Мақсаты: грамматика және фонетика саласы бойынша білімдерін тексеру.

  Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?
  • Біз сөзді септедік,  сөзге дыбыстық талдау жасадық.

Төртінші тапсырма: «Ойыңды жалғастыр» ойыны

«Қазақстан туралы не білдің ?»  атты сұраққа әр оқушы  бір сөйлемнен жазып, соңғы оқушы  мәтінді оқып шығады, аударады.

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз ?
  • Біз әңгіме құрастырамыз.

Мақсаты: Оқушылардың өздеріне өткен тақырыпты пысықтатып, бекіту

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?
  • Біз әңгіме құрадық, оқып шықтық, орыс тіліне аудардық.
  1. Үй тапсырмасын беру: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат жинап келу

VІ. Білімдерін бағалау