Жедел өткен шақты қайталау
Жедел өткен шақты қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қайталау, етістіктің шақтары туралы білімдерін нығайту, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты мысалдармен дәлелдеп ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сауаттылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жан – жақты білімді, ана тілін терең меңгерген елжанды тұлға қалыптастыру;
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, ізденіс сабағы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, сызбалар
Оқыту формасы: Жұптап оқыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
- Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Білім деңгейін тексеру.
1.Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің? Шақтың қандай түрлері бар?
- Өткен шақ деген не?
- Өткен шақ мағынасы мен жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді?
- Жедел өткен шақ деген не? Жасалу жолдарын айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, байқасақ, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары кейде жұрнақ, кейде жалғау болып келеді екен. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты дәлелдермен тиянақты меңгеру.
- – ды/-ді, — ты/-ті қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтар: тасты жер, құмды аймақ, сүтті сиыр, ақылды бала т.б.
- – ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ жұрнағы
- – ды/-ді, -ты/-ті – табыс септігінің жалғауы, зат есімге және заттанған есім сөздерге жалғанып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Кімді, нені деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көкторғын Көкшетауды мұнар басқан…(С.Сейфуллин). Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды (мақал). Енді оған сөйлеуді қойдым.
- – ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары – ІІІ жақтың жіктік жалғауы. –ды/-ді, -ты/-ті жіктік жалғауы тек көсемшенің (іс – әрекетті білдіретін етістіктің ерекше түрі) -ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтарынан кейін ғана жалғанады.
- Етістіктің түбір тұлғасына тікелей жалғанғанда жұрнақ болады: барды, келді, ішті, жатты, көрді, т.б.
- Етістіктің туынды түбіріне жалғанғанда жұрнақ болады: көбейді, теңгерді, тазалады, ойнады, тістеді, көгерді, қысқарды, ағарды, зарықты, басқарды, жарқырады, түнеді, бастады, т.б.
- Етістіктің болымсыз түріне жалғанғанда жұрнақ болады: бармады, көрмеді, айтпады, кетпеді, т.б.
- Етістіктің іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіретін түрі – етіске жалғанғанда жұрнақ болады: сыланды, киінді, тартысты, айтқызды, жасатты, көрсетті, т.б.
- Нақтылау мәнді білдіретін демеулік шылау. Бұл оқиға екі жыл бұрын болғанды.
Өткен материал бойынша тақтаға тірек сызба салынады:
Табыс септігінің ІІІ жақ жіктік жалғау
жалғауы
жедел өткен шақ жұрнағы нақтылық ұғымды қатыстық сын есім
бідіретін демеулік жасайтын
шылау жұрнақтар
IV.Сабақты бекіту
- Тірек сызбаны пайдаланып оқушыларға бірнеше сөйлем айтқызу. Жұптап оқыту әдісі арқылы сабақты бекіту.
- Тапсырма. Мәтіндегі тұлғалас –ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары бар сөздерге сатылай кешенді талдау жаса.
- Тақтамен жұмыс. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Сәнділігімен сән – түбірі, зат есім; -ді – қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ; -лік зат есім тудырушы жұрнақ (кейінді ықпалдың әсерінен к-г); -і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -мен — көмектес септігінің жалғауы. Қалай көзге түседі? (Пысықтауыш қызметін атқарып тұр) Тігіледі, алынды, болған – ды сөздері осы ретпен талданды.
- «Жедел жауап» ойыны. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Слайдпен берілген перфокартаны толтырады.
1 – ші оқушы.
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат | Табыс септігінің жалғауы | Қатыстық сын есімнің жұрнағы | Жедел өткен шақтың жұрнағы | ІІІ жақ жіктік жалғау | Демеулік шылау |
Ақылды | + | ||||
Оқуды | + | ||||
Оқыды | + | ||||
Қабілетті | + | ||||
Білгенді | + | ||||
Көргенді | + | ||||
Дарынды | + | ||||
Сескенді | + | ||||
Айтыпты | + |
2 – ші оқушы.
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары | Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір. | ||||
Табыс септігінің жалғауы | Кітапты (алдым) | Дәптерімді (қаптадым) | Тоқуды (қнатамын) | Санағанды (үйрендім) | Кішіні (ренжітпе) |
Жіктік жалғау | |||||
Қатыстық сын есімнің жұрнағы | |||||
Жедел өткен шақтың жұрнағы | |||||
Демеулік шылау |
Әр жұп оқушылары бағаланады.
- V. Сабақты қорытындылау
- Табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болады? Тура толықтауыш па, жанама толықтауыш па, түсіндір
- Жіктік жалғауы өткен шақтың қай түрін жасайды?
- Жедел өткен шақтың жұрнақтары етістіктің қандай түрлеріне жалғанады екен?
- Қатыстық сын есімге мысал келтір
- Демеулік шылауды қатыстырып сөйлем айт. Түсінбегендері болса толықтырамын.
VІ.Оқушылардың білімін бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 159-жаттығу (мақсатын толық орындау: тұлғалас қосымшаларды ажырату)