Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау
. Сабақтың мақсаты:
білімділік — етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білу дағдыландыру;
дамытушылық — тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, ■ байқағыштық қасиеттерін дамыту;
тәрбиелік — ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: КВН үлгісіндегі жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жұмыстар, сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, сатылай кешенді талдаудың үлгілері, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру. Сыныпты екі топқа бөлу I топ «Есімше», 2-топ «Көсемше».Етістік бойынша топ басшыларына сұрақтар қойылады. Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші таныстырады.
Жарыс 9 турдан тұрады.
- Таныстыру. «Біз кімбіз?»
Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.
«Есімше» тобының таныстыруы Етістіктің ерекше бір түрімін,
Ерекше боп жаратылған гүлімін,
Екі түрлі қызметте жұмсалып,
Толықтырам оқушының білімін.
Анықтауыш, баяндауыш, бастауыш
Қызметінде бірінен соң бірімін.
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек,
-атын, -етін, -йтын, -йтін және де
қан, -кен, —ған, -ген, -ар, -ер, -р деп
Жұрнақтарым толықтырар ілімін.
Есімшемін ел осылай мақтайтын,
Қылығым жоқ қазақ тілі даттайтын.
Шәкірттерге берерім мол, пайдам да,
Еліміздің аманатын ақтаймын.
«Көсемше» тобының таныстыруы
Көсемшемін, көріңіздер дара тұлғам,
Етістіктен ерекше жаратылғам.
Екі түрлі қызметті мен де атқарам:
Үстеу және етістік санатынан
-а, -е, -й, -ып, -а деген жұрнақтарым
Қолдансаң сөз тудырады қанатынан.
—қалы, -келі, —ғалы, -гелі жұрнақтарым
Тұлғасы жіктелмейтін тарапынан.
Мен қалай қанатымды қақтырмаймын,
Оқып білмей, оңайлықпен таптырмаймын. Көптік, септік, тәуелдік аталатын Жалғауларды жалпы мен жақтырмаймын.
2, Салт-дәстүрім — тірегім.
1-топ. Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айтып, етістіктерін тауып, жан-жақты талдайды. Қосымша сабақты, салт етістіктерді сипаттайды.
2-топ. Қазақтың тыйым сөздсрі мен жұмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.
- Талдап үйренейік.
Етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.
1-топ «көрген» етістігіне фонологиялық, ал «болысты» етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.
2-топ «жалтылдап» етістігін фонологиялық, және «қипақтау» етістігіне математикалық тәсілмен талдау жасалады.
4.»Атадан қалған асыл сөз» (өлең жолдарын сөйлемге айналдыр). «Есімше» тобы Төле бидің 9 жасар Жетес биге берген батасын үнтаспадан тындайды да, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.
«Кесемше» тобы дәл осындай тәсілмсн 14 жасар Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөздерін тыңдап, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады. Қосымша дара, күрделі етістіктерге сипаттама береді.
Сергіту сәті. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, әр түрлі жаттығулар жасалады.
- «Кім жылдам?» ойыны.
«Есімше» тобына «бол», «Көсемше» тобына «жет» етістігі беріледі. Ойынның шарты —жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу және оларға етіс жұрнақтарын жалғау.
Оқулықпен жұмыс.
Алғашқы орындалатын тапсырма: Алғашқы орындалатын тапсырма: 264-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктерді тауып, олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 265-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Дара және күрделі етістіктерді ажыратып, күрделі етістіктің құрамын анықтаңдар.
Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.
Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады,тексеріледі 1 .Етістіктің неше түрі бар?
а) 1 э) 3 б) 5
2.Болымсыз етістік жұрнақтары қайсысы?
а) -у ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе б) -ып, -іп, -п
3.»Сөйлеп тұр», «жүріп келе жатыр» құрамына қарай қандай етістікке жатады?
а) дара етістікке ә)тұйық етістікке б) күрделі етістікке
- Екі етістік түріне ортақ жүрнақтарды ата.
а) —ыл -іл, -л э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз б) -ын, -ін, -н
5.Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет.
а)-қалы, -келі, -галы, -гелі ә)-а,-е,-й б) -ып, -іп, -п
- Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?
а)ырықсыз етіс ә) өздік етіс б) өзгелік етіс
- Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.
а)сабақты етістік ә) салт етістік б) есімше
8.Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?
а) Сабаққа үнемі дайындалу керек.
ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.
б) Көсеуді пештің қасына қойды.
8.Перфокартамен жүмыс.
Екі топқа «Киіз үй», «Түлік төлден өседі» тақырыбындағы шағын мәтін құрастыру тапсырылады. Мәтін ішінде етістіктер болу керек.
- Суретпен жұмыс.
Тақтаға «Киіз басу» суреті ілінеді. Екі топ ауызша киіз басудағы ерекшеліктерді кезек-кезек ретімен баяндайды.
Оқушылардың өзді-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2, Оқушылардың білімін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 267-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.
Келесі тапсырма: 268-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңдар.