Сыйлық берілетін қуаныштар.
Сабақтың тақырыбы: | Сыйлық берілетін қуаныштар. | ||
Сабақтың мақсаты: |
| ||
Оқытудың нәтижесі: | Оқушылар сабақтан соң: · Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын меңгереді. · Тұйық етістіктің жасалуын тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі. · Сыни ойлау дағдысы жетіледі. · Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады. · Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді. | ||
Түйінді идеялар: | Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңында леп белгісі қойылады.Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын! Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
| ||
Дереккөздер: | Интерактив тақта,плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер. | ||
Сабақтың әдісі: | Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді. | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі. | 3 мин. | Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
| Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді. |
Рефлексия
| 3 мин. | Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру: 1. Біріккен сөз деген не? Мысал келтір. 2. Кіріккен сөз деген не? Мысал келтір. 3. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір. | Жауап беріп,өз пікірлерін айтады. |
Топқа бөлу | 2 мин. | Кәмпиттің 4 түрін балаларға шашу әдісі арқылы топқа бөлемін. | Кәмпиттің түріне қарай оқушылар топ болып бірігеді. |
Топтық ереже | 2 мин. | Тақтаға плакат ілемін. | Оқушылар сол палакатқа топта сақтау қажет ережелерді тақтаға шығып жазады.
|
Білу
| 3 мин. | Интерактив тақтада лепті сөйлемдер беріледі.
| Оқушылар сол сөйлемдерді кезекпен оқып,қандай эмоциямен оқылатынын түсіндіреді. Лепті сөйлем тақы- рыбын оқушылар өздері ашады.
|
Түсіну
| 3 мин. | Интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуын, тыныс белгісін тірек сызба арқылы білімдерін толықтырамын.
| Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады. |
Қолдану
| 10 мин. | 1-тапсырма. а)Сөйлемдердегі етістіктерді теріп жазып,олардан тұйық етістік жасау. б) Сұраққа жауап беру: Қалай ойлайсыңдар, жоғарыда аталған жақсы сәттерде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі? | а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды.
б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.
|
Сергіту сәті | 2 мин. | Интернеттен «Кірпі биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. | Оқушылар экранға қарап билейді. |
Талдау
| 8 мин. | Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. | 1-топ: III деңгей тапсырмалары 2-топ: II деңгей тапсырмалары 3-топ: I деңгей тапсырмалары |
Жинақтау
(АКТ) | 4 мин. | Топтастыру стратегиясын қолданамын. | Оқушылар интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуына қарай топтастыру стратегиясын толтырады. |
Бағалау | 3 мин. | «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақта- да ақ плакат ілулі тұрады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады. Оқушылар өз-өзін бағалайды. |
Үйге тапсырма | 2 мин. | 3-тапсырма, 32 бет. Сөйлемдерді көшіріп, тұйық етістіктердің астын сызу. | Күнделікке жазып алады. |
Барлығы: | 45 мин. |