Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Зат есімнің сұрағы , лексика – грамматикалық мағыналары , ұғымдары , құрамы мен құрылысы , түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілінің қадір – қасиетін жете түсінуге үйретіп, білімді , саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық:Тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйрету, тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, «Ойлан тап» ойыны.
Көрнекілігі: Слайд, сөзжұмбақ
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу құралдарын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- 107 – жаттығу . Сөз таптарының әрқайсысына 5 сөзден жазып, кестені толтырындар.
- 108 – жаттығу. «Ұлттық салт – дәстүрлер» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
қ | ы | С | қ | а | ||||||||
т | ө | р | т | |||||||||
т | о | ғ | ы | З | ||||||||
е | Т | і | с | т | і | к | ||||||
о | қ | ш | А | у | ||||||||
Б | і | р | і | к | к | е | н | |||||
қ | о | с | Ы | м | ш | а |
- Ұзын сөзінің антонимі ?
- қазақ тілінде қанша жалғау бар ?
- қазақ тілінде қанша сөз табы бар ?
- Күл, оқы, сөйле қандай сөз табына жататын сөздер ?
- Одағай қандай сөздерге жатады ?
- Екі я одан да көп түбірлер бірігіп , тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер қандай сөздер ?
- Жұрнақ пен жалғау неге жатады ?
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, сөз табы яғни атауыш сөздер жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз осы сөз табына тікелей байланысты . Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Зат есім . Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық.Оқушылар , сендер зат есіммен бастауыш сыныптан бері таныссыңдар. Кітап , Ақерке, арман, тау, мектеп сөздерге сұрақ қойыңдаршы? Қандай сұрақ қойдыңдар ? Әрине кім ? не ? Естеріңе түсті ме ? Сонымен зат есім дегеніміз не ? Зат есім дегеніміз ……… (балалар дәптерлеріне ережені жазады өз ойларынан) ББҮ кестесі . (ауызша)
Б — білемін?
| Б — білгім келеді?
| Ү — Үйрендім?
|
Атау септігінде тұрады. Кім ? Не ? сұрағына жауап береді. Дара және күрделі деген түрлері бар . | Мағыналық түрлерін . Сөйлемде атқаратын қызметін және түрленуін. |
- Интерактивті тақта арқылы зат есімнің мағыналық түрлерін сызбалар арқылы көрсету.
Ережесі | Түрлері | Мысал |
Біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер | Жалпы есім | Тау , құс, адам, өсімдік, т.б |
Арнайы берілген есімдер мен атаулар | Жалқы есім | Алатау, Ақерке, Жетісу , т.б |
Нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп , қолмен ұстауға болатын зат есімдер | Деректі зат есім | Кітап , маман,дос,су , т.б |
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары | Дерексіз зат есім | Ауа, ой, бақыт, арман, т.б |
Мысалы : жалпы есім мен жалқы есім
Адам Газет Ән Күй Қала
Мұхтар Әуезов «Қармақшы таңы » «Елім – ай » « Сарыжайлау » Қызылорда
Дәптер, қалам, парта, терезе, есік, сөмке т.с.с заттар қолмен ұстауға ,көзбен көруге
болады , ал ой, арман, адамгершілік, сезім сөздері адамның ойлауы арқылы ғана танылатын түсінік, құбылыс.
Мұғалім: Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі.
Жаңа сабақты бекіту
- Оқулықпен жұмыс.
Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 109 -жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма. Зат есімдерді көшіріп жазыңдар . Мәтін мазмұнына орай жер, адам, аттарынан басқа тағы қандай біріккен сөз түрлерін ұсынар едіңдер? Мысалда астын сызып келтірген сөздер жалпы есім бе, жалқы есім бе , түсіндіріңдер .
Жалпы есім Жалқы есім
Ауыл Ақсай
ел Көксай
бала Айша
апасы Барсхан
шешем Қорғанбай
әкей Арзы
110 – жаттығу . Берілген сөздерді төрт топқа (дерікті, дерексіз, жалпы есім, жалқы есім ) бөліп жазыңдар . (Тақтамен жұмыс)
Деректі Дерексіз Жалпы Жалқы
Бойтұмар шаттық ақпан Жасұлан
2 . «Сиқырлы таяқша » ойыны арқылы оқушылардың білімін тексеру .
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
303 666 4585
+ 303 302 1111
————— ———— —————
606 968 5696
АНА ТАС БАТА
(жалпы есім ) (деректі з.е) (дерексіз з.е)
ҮІ. Үйге тапсырма: 111 — жаттығу . Зат есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін атап беріндер. 112 – жаттығу . Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастыру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.