Қос сөздер.
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Эпиграф:
Адам мақсатқа, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Әл-Фараби
Сабақтың мақсаттары:
а)Білімділік: білім алушыларға қос сөздер туралы теориялық білім бере отырып, оның түрлерін, жасалу жолдарын меңгерту, қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру;
ә)Дамытушылық: білім алушылардың сөздік қорларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
б)Тәрбиелік: білім алушыларды тапсырмалар орындау арқылы білімділікке, ізденімпаздылыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау, тест әдісі.
Оқыту құралдары: Activstudio бағдарламасы, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, тест құрылғылары, перфокарта, кеспе қағаздар, семантикалық карта, Венн диаграммасы.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Парные слова».
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Білім алушылармен сәлемдесу.
- Білім алушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.«Өз-өздеріңді тексеріңдер».
(Activstudio бағдарламасымен «Біріккен сөздер» тақырыбы бойынша тест әдісін қолдану).
- Семантикалық карта
Берілген біріккен сөздердің қай сөз табынан екенін белгілеңдер.
Біріккен сөздер | Зат есім | Сын есім | Есімдік | Етістік | Үстеу |
Баспасөз | |||||
Әлдекім | |||||
Күздігүні | |||||
Өркөкірек | |||||
Атамекен | |||||
Ешқандай | |||||
Әкелу | |||||
Бейнетаспа | |||||
Әлдеқашан | |||||
Еңбеккүн | |||||
Бірталай | |||||
Апару | |||||
Сөзқұмар |
Тапсырма «Ойлан, тап»:
Мына мақалдардан біріккен сөздерді тап:
- Өз елінде көртышқан да батыр.
- Отанды сүю – отбасынан басталады.
- Әркімнің өзі шығар биігі бар.
- Жолбарыс жұлқынса, жонынан от шығады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бір сөздің қайталанып айтылуы арқылы немесе сөздің қосарлануы арқылы жасалатын сөздерді қос сөздер дейміз. Қос сөз дефис арқылы жазылады. Мысалы: Биік-биік, жақсы-жақсы, үлкен-кіші, құрт-құмырсқа, жалт-жұлт, бала-шаға.
«ЭЕМ операторы» мамандығы – жақсы-жақсы мамандықтардың бірі. Сыныпта оператор мамандығы бойынша білім алатын бес-алты оқушы отыр.
Қос сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер:
1. Бір сөздің қайталануы | Қора-қора, көзбе-көз, бетпе-бет |
2. Екі түрлі сөздің қайталануы | Ата-ана, жақсы-жаман |
3. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер | көйлек-көншек, ескі-құсқы, ет-мет |
4. Екі сыңары мағынасыз сөздің қосарлануы | оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б. |
5. Күйшейткіш буындардың қосарлануы | Қып-қызыл, әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен |
6. Еліктеу сөздерінің қосарлануы | Сарт-сұрт, жалт-жұлт, сырт-сырт |
7. Екі жағы да мәнді сөздердің қайталануы | Ағайын-туыс, аға-іні, дос-жар |
Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы. Олардың сыңарлары әр түрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді. Мысалы: Оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша үгіт-насихат, қазақша-орысша, оқу-ағарту, саяси-экономикалық т/б. Лицей оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар сатып алды.
Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді.
Сызба №
ҚОС СӨЗ |
1
Қосарлама қос сөз |
Қайталама қос сөз |
Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Менің атамда елу түйесі, екі жүздей қой–ешкілері бар. Мен бүгінгі сабақтан азды-көпті білім алдым.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
(Сәкен Сейфуллин)
Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
ІҮ. Сабақты бекіту.
- Перфокартамен жұмыс.
- Тапсырма «Жалғасын тап»
Қос сөздердің сыңарларын тауып жазу.
Дос –
Құлын –
Жоғары –
Үйрек –
Қыз –
Көре –
Жарқ –
Өз –
Кескін –
Ығы –
Сана –
Шал –
Ет –
Егжей –
Қару –
Қора –
Апалы –
Қылтың –
Тапсырма № 3: «Ойлан, тап»
Мына мақалдардан қос сөздерді тап:
- Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
2.Тамшыдан тама-тама дария болар.
- Үйдің жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын,
Іс түскенде білерсің. - Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.
Тапсырма № 4.
Сөйлемдерді оқып, қос сөздерді табыңдар.
- Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. (Абай)
- Мен — қазақпын, жаралған сүйек-еттен,
Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. (Б.Момышұлы)
- Қазақ тілінде «таза адам» деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады. (Ғ.Мүсірепов)
- Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. (Гете)
Тапсырма № 5.«Толықтыр»
Мақал-мәтелдердегі қос сөздерді толықтыр. Қос сөздердің түрлерін ажырат.
- …………. көсем боласың,
………….. шешен боласың.
- ……………… – тілсіз мұғалім.
- Атыңнан айырылсаң да, ……………… айырылма.
- ………….ның ақылы – сайрап жатқан жолмен тең,
Ақылдының ақылы – сарқылмайтын көлмен тең.
- ………. сөйлесең, жылан інінен шығады.
- Ақылың болса арыңды сақта:
………………. керек әр уақытта.
- …………….. сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
- Қорытындылау:
Венн диаграммасы
Ортақ белгі
Біріккен сөз Қос сөз
Бірге жазылады |
Дефис арқылы жазылады |
VІ. Үй тапсырмасы:
Өз мамандықтарың бойынша қос сөздері бар шағын мәтін құру.
ҮІІ. Бағалау.
Білім алушылардың білімін бағалау.