Антоним. Жәнібек пен Жиренше.
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен Жиренше.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Антоним.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру; Жиренше шешен жөнінде мәтінді оқи отырып, антонимдер туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды шешендік, нақыл сөздер арқылы шыншылдыққа, жалған сөз айтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жұмбақ ойыны.
Оқыту құралдары: тірек сызбалар, сөзжұмбақ, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Антонимы»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың дәптерлерін тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- «Жәнібек пен Жиренше» мәтінін оқу, аудару.
- Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру.
- Сөздікпен жұмыс.
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылар өздері грамматикалық тақырыптың атын табады.
1 | Л | Е | К | С | И | К | А | |||||
2 | Қ | Ұ | Н | Д | Ы | |||||||
3 | Қ | А | Т | А | Ң | |||||||
4 | Д | И | А | Л | О | Г | ||||||
С | И | Н | О | Н | И | М | ||||||
6 | Ж | И | Р | Е | Н | Ш | Е | |||||
7 | М | Ы | Қ | Т | Ы |
- Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
- «Бағалы» сөзінің синонимі.
- Дауыссыз дыбыстардың жіктелу түрі.
- Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі қалай аталады?
- Мағыналары бір-біріне жуық сөздер тобы қалай аталады?
- Әз-Жәнібектің сарай биі, шешені болған адам кім?
- «Күшті» сөзінің синонимі.
Ереже.
Антоним — грек тілінен шыққан, anti- қарсы, onota-атау дегенді білдіреді. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Мысалы: Күн — түн, ыстық — суық,
әне — міне, кету — келу, ерте — кеш.
Сызба № 1
ІІІ. Бекіту.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Тапсырмаларды орындау
Тапсырма:
Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарларын тауып жазыңдар:
рас –
жалған –
танық –
хан –
Жұмбақтар ойыны
Тапсырма
Жұмбақтардың жауабын тауып, ондағы антоним сөздерді тап:
- Күндіз ізетті, түнде күзетте. (есіктің ілгегі)
- Қара жердің төсінде ақ қонның ізі мол. (тақтадағы жазу)
- Тірісі өліден нан сұрайды, өлісі тіріден жан сұрайды. (тышқан және қақпан)
- Асты тігілген, үсті сөгілген. (Қап)
- Күндіз бар, түнде жоқ. (жұлдыз)
- Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
- Ерте тұрады бір қыз,
Кеш тұрады бір қыз.
Қайткенде де солардың
Дегенімен жүрміз. (Күн мен Ай)
ІҮ. Қорытындылау:
Семантикалық картаны қолдану арқылы сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасы:
26 бет, 4 жаттығу
ҮІ. Бағалау.
Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.