Өмірбаян, өтініш түрлері.
Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян, өтініш түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірбаян мен өтініш түрлері туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: Өмірбаян, өтініш құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру. 2) Дамытушылық: Шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту. 3) Тәрбиелік: Құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру және олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өзіңе түйіндеме жаз.
- Досыңа мінездеме жаз.
Үй тапсырмасын бекіту. Венн диаграммасы арқылы.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіппен жазылған
ресми құжат.
Өмірбаянның деректемесі:
— құжаттың аты
— автордың аты-жөні,тегі;
— туған күні, айы, жылы; туған жері;
— ата-анасы туралы мәлімет
(А.Ж.Т. Жұмыс орны);
—білімі және білімі бойынша мамандығы;
— атқарған қызмет түрлері;
— соңғы жұмыс орны мен қызметі;
— қошеметтеу белгілері және наградалары;
— қоғамдық жұмыстарға қатысуы;
— отбасы жағдайы және құрамы;
— мекенжайы және телефоны;
— жазылған күні, айы,жылы; жеке қолы;
аты-жөні, тегі
Өмірбаян
Мен, Баймұрат Кәрімұлы Манаров, 1966 жылдың 1-желтоқсанында Солтүстік Қазақстан обылысы, Жамбыл ауданы, Ақбалық ауылында туылдым.
Әкем Кәрім Манарұлы- соғыс ардагері, шешем Нұржамал Есентемірқызы-зейнеткер.
1973 жылы Ақбалық ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1983 жылы бітірдім.
1983 жылы Көкшетау педагогикалық институтының физика – математика факультетіне оқуға түстім.
1988 жылы аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Көкшетау қаласының № 2 орта мектебнде мұғалім болып қызмет етіп келемін.
Үйленгенмін. Жұбайым – Айнаш Қожантайқызы — № 17 мектепте ағылшын тілі мұғалімі.
Ұлым Қажымұқан 3 жаста, «Аққу» балабақшасына барады.
Мекенжайым: Көкшетау қаласы, Абылай-хан даңғылы, 9-үй, 22-пәтер,
т. 42-28-22.
04.05.2007 ж. қолы Б.К.Манаров
Өтініш –мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек- өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің деректемесі:
— Адресат;
— Құжаттың аты;
— Мәтін;
— Күннің жады;
— Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Өтініштің түрлері:
1)Жұмысқа қабылдау туралы;
2)Жұмыстан босату туралы;
3)Басқа қызметке ауысу;
4)Демалыс алу туралы;
Ш.Құдайбердиев атындағы Семей
мемлекеттік университетінің
ректоры проф. А.С.Қаппаровқа
Филология факультетінің 2-курс
студенті А.М. Оспановадан
Өтініш
Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
Практикалық тапсырмалар:
1) Сұхбапен танысып, Марат Ержанұлының өмірбаянын жазыңыз.
2) Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз.
3) Өтініштерді оқып, қателерді табыңыз.
4) Бланкі бойынша өтініштерді толтырыңыз.
5) Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.
1) Сұхбатпен танысып, Марат Ержанұлының өмірбаянын жазыңыз.
— Сәлеметсіз бе, Марат Ержанұлы?
— Қайырлы күн! Кім боласыз? Қандай шаруамен келдіңіз?
— Менің аты-жөнім – Сағатова Жанар Маратқызы. Мен «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімін. Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін.
— Иә-иә, есімде. Кездесу сағат үшке белгіленді емес пе? Кіріңіз, отырыңыз. Сонымен мен сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?
— Сіздің фирмаңыз және оның жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүр ғой. Бүгін осы фирманың басшысы, негізін қалаушы ретінде өзіңіз туралы әңгімелесуге қалай қарайсыз?
— Мен қарсы емеспін. Сұраңыз.
— Жақсы, онда бірінші сауал – сіз қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдіңіз?
— Туған жерім – Атырау қаласы. Мен 1971 жылдың 15-қазанында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.
— Қай жерде білім алдыңыз?
— № 12 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласындағы заң университетіне оқуға түстім. Аталған университетті экономист мамандығы бойынша бітірдім. Сосын 2 жыл аспирантурада оқыдым. 1995 жылы «Қазақстанның сыртқы экономикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.
— Ал еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?
— Мен алғашқыда өз мамандағым бойынша 2 жыл «Арай» компаниясында жұмыс істедім. Сосын өзімнің жеке фирмамды ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп 1998 жылы «Қазмұнайгаз» фирмасы құрылды. Содан бері осы фирманың президенті қызметін атқарып келемін.
— Отбасыңыз туралы не айтасыз?
— Әке-шешем – зейнеткерлер. Олар Атырау қаласында тұрады. Отбасыма жиі барып тұрамын. Зайыбым Айнұр балалар дәрігері. Ұлым Арман 3 сыныпта оқиды.
— Адам бойында қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?
— Меніңше, кез келген адам адал әрі қайырымды болуға тиіс.
— Тағы бір сұрағым: бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
— Өзіңіз білесіз ғой, қызмет бабына қарай, бос уақыт өте аз. Дегенмен, мүмкіндігімше отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Сондай-ақ, бильярд ойнағанды және жаттығу залына барғанды жақсы көремін.
— Сұхбатыңызға үлкен рахмет, сау болыңыз.
2) Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз:
1 қатар.
2005 жылдың / бастап / 15 қарашасынан / отбасы / байланысты / жағдайына / 1 апта / тыс / кезектен / демалыс / еңбек / сұраймын / беруіңізді.
2 қатар.
Қабылдауыңызды / мені / осы жылғы / сұраймын / үйлестіруші / жетекші маман / 15 шілдеден / қызметіне / батап / ретінде.
3 қатар.
Менің / Асылхан Өмірбековті / балам / сізден / қабылдауыңызды / 5 — сыныпқа / сұраймын.
Мені 2004 жылғы 12 наурыздан бастап өз еркіммен физика пәнінің оқытушысы қызметінен босатуыңызды сұраймын.
5) Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.
1 қатар.
Материалдық көмек сұрау туралы.
2 қатар.
Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы
3 қатар.
Жұмысқа қабылдау туралы
- Жіңішке-жуан сұрақтар:
- Өмірбаян қандай құжат?
- Ол қандай жағдайда жазылады?
- Өтініштің құрылымын ата?
- Өтініш бойынша не шығарады?
- Өтініштің түрлерін ата?
- Үйге тапсырма:
1) Өз өмірбаяндарыңызды жазу
2) Академиялық демалыс алу туралы өтініш жазу
VII. Бағалау.