Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:1 Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау

тапсырмаларын орындау.Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы

етістікті таба білуге үйрету.

2 Оқушылардың сөздік қорын, алған білімдерін пайдалана

білу дағдыларын,ойын элементтері арқылы шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

  1. Оқушыларды адамгершілікке,достыққа,сыйластыққа

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Білімді тиянақтау

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, түсіндіру, салыстыру, талдау, ойын тех-сы, дамыта оқыту тех-сы.

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралдары, интерактивті тақта, слайдтар, кеспк қағаздар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы.

1 Ұйымдастыру.

Жұмбақ

Қабат –қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Кітаптарың дайын ба?

  1. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.(дәптер)

Дәптерлерің дайын ба?

3 Денесі бар шыбықтан

Темір тұмсық құдықтан.

Сусын алып ішеді.Ойы із боп түседі.(Қалам)

Қаламдарың дайын ба?

2 Үй тапсырмасын сұрау.

3  Өткенді бекіту.

Зат есім                           не істеді?     Не қылды?   Қайтті?

Етістік                             қанша? Неше? Нешінші?

Сын есім                          кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сан есім                           қандай?      қай?

 

4 Қызығушылықты ояту.

Өлең оқу

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтті аспанды.

Қаздар көлде жүр ойнап

Көктем тойы басталды.

Тас төбеден күн келді,

Қошеметтеп оларды.

Қара торғай былтырғы

Ұясына оралды.

-Бұл өлеңде қай мезгіл суреттелген?

-Дұрыс , сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

-Балалар , осы өлеңде ерекше түспен боялған сөздерге сұрақ қойыңдар шы? Бұл  қай сөз табынан?

5 Сұрақ қою

1Етістік дегеніміз не?

Етістіктің сұрақтарын ата?

6 «Ойлан ,тап»  ойыны

Берілген етістіктерді екі бағанға бөліп жаз.

Дара                               күрделі

келді

Тоқып отыр

Жазды

Сүртті

Ұшып келді

Төседі

Оқып болды

Бара жатыр

Ойнады

Секіріп жүр

 

Дара етістік қалай жасалады?

Күрделі етістік қалай жасалады?

7 Сауатылық хаты  (дәптермен жұмыс)

Күннің жадын жазу

Кк әрпі

8 Оқулықпен жұмыс

412-414 жаттығулар

9 «Кім жылдам? »  үлестірмелі қағазбен жұмыс

  1. Не істеді? Не қылды сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Кетті,оянды, оқушы, келді, оқулық, әдемі, сұр, бесінші, жазды, жазып отыр.

  1. Көп нүктенің орнына дара етістіктерді жаз.

келді   ….  келе жатыр, келе бастады.

жазды   …. жазып алды, жазып отыр.

барды     …. барып келді, бара жатыр.

жүгірді     …. жүріп келеді, жүріп барады.

  1. Сергіту сәті.

 

 

 

 

  1. Жұлдызды сәт.

«Орнын тап» ойыны.

Сөздер Дара етістікКүрделі етістік
Келді
Келе жатыр
Оқып отыр
Барды
Ойнап жүр
Сөйледі

 

12   Суретпен жұмыс.

1Суретті және сөздерді  пайдаланып ,мәтін құрау, етістіктерді тапқызу. Мәтінді жалғастыру.

Ерте, ерте,  ертеде су  болмай (қарлығаш) шөлдеп, (ағаш) қурады, (гүл)солып қалды. Қалжыраған қарлығаш күннен көмек сұрайды. Күн бұлттанып жаңбыр жауғызады. Жаңбыр суынан рахаттанып қарлығаш шөлін басады. Ағаштар бүршік ата бастайды.Гүлдер жайнап өседі.Көктем нұрын шашады.

13   Кестемен жұмыс.

СалдЫ
   СаттЫ
 Соқты
Сүзді
Келді
 Кетті
 Күлді
КесТІ

 

Тесті
 Тұрды
 Тапты
Тойды

 

 

  1. Сәйкестендіру тесті Адасқан сөздерді сәйкестендір

 

Арыстан                                боздайды

Түйе                                       ақырады

Аю                                         мөңірейді

Жылқы                                  маңырайды

Қой                                        кісінейді

Сиыр                                     бақырады

 

  1. « Сарғалдақ терейік» ойыны

Өзіндік диктант

1 Көктем ………2 Күн         ………………3 Қар …………4. Жер          …………. 5. Құстар  ……….

  1. Ағаштар ……………

   16 Қима қағазбен жұмыс

Көп нүктенің орнына мағынасы қарама-қарсы етістіктерді тауып жаз.

Ашты-                        үзді-

Тұрды-                       өшірді-

Келді-                         ұшты-

 

Керекті сөздер: жапты, отырды, кетті, жалғады, жақты, қонды.

Бектіту.

-Етістік дегеніміз не?

— Дара етістік дегеніміз не?

-күрделі етістік қалай жасалады?

 

 

Үйге тапсырма беріледі

Бағалау.

  Оқушылар, бір –бірімізге жылы тілектерімізді айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Жаныңызға сұлулық, жүректеріңізге жылулық тілеймін.