«Тілге құрмет-елге құрмет» зияткерлік ойыны

«Тілге құрмет-елге құрмет» зияткерлік ойыны

Ойынның мақсаты:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру;

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; Олардың халқына деген, еліне деген махабабатын арттыру; Жаһандану кезеңінде қазхақ халқына ұлттық өркениет шеңберінде алатын орнын салмақтау; Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтық салт-дәстүрлерімен сабақтастығын көрсету, дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

 

 Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және де бүгінгі «Тілге құрмет-елге құрмет» атты  зияткерлік ойынына қатысқалы отырған сайыскерлер!

 

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім,

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім-ардақ тұтар алтыным!-

 

деп ақындар жырлағандай тіл қай ұлтта болса да қасиетті, құдіретті. Ана тілі-әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінің ғасырлар бойғы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тіл тарих тереңіне бойлайтын, өнер бұлағынан сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы, сондықтан да барлығымыз өз тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғап, тілге құрмет көрсетуіміз керек,  ендеше бүгінгі сайсымызды тіл мерекесіне арнай отырып, бүгінгі сайыс баршаңыздың жүректеріңізге шуақ құятын мерейлі сәт болсын деп тілек тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі «Тілге құрмет-елге құрмет» атты  зияткерлік ойынына қатысқалы отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

 

9а сыныбынан

9ә сыныбынан

9б сыныбынан

 

Сайысымызға әділ төрелік жасайтын әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.

  1. Аямастан ақ пейілін, уақытын.

     Аялайтын  шәкірттердің  бақытын.

     Ардақ апай  -ұлы тұлға, аяулы.

     Шашатұғын ақыл, білім жақұтын.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:   Молбаева Ардақ апай.

  1. Зердесін болашақтың зерделеткен

   Білім беріп, өмірге жол көрсеткен.

   Шәкірттің жүрегіне жол табатын

                       апай баршаға  шебер ұстаз.

 

 

Сайыскерлерімізді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру.(өлеңмен, қарасөзбен)
  2. «Ана тілі-жүрек үні» (тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу)
  3. «Мақал айтсаң-жол көрсеттің,

       Мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» (үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастыру)

  1. Күлдіргі жұмбақтар

    (жұмбақ шешу)

  1. «Тілге құрмет-елге құрмет» (Берілген әріптертер бойынша сұрақтарға жауап беру)
  2. «Ана тілім – арман қанатым» шығармашылық жұмыс (тіл туралы ойтолғау)

 

Тіл дегенім-түсіністік құралы,

Тір арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та, бірлік достық, береке,

Бәрі, бәрі осы ұғымға сияды.

 

Сонымен, сайысымыздың 1 кезеңі Таныстыру сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша әр топ өз командасын таныстырады. Топтың аты, эмблемасы, ұраны болуы керек.

 

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер-дей отыра

 

сайысымыз 2 кезең» «Ана тілі-жүрек үні» сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша сайыскерлер үйден жаттап келген өлеңдерңн мәнерлеп оқиды.  (тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу).

 

Туған тілде сыры терең жаным бар, ,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар

Туған тілде әнімменен сәнім бар,

Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар-дей келе сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін сайысымыздың келесі бөлімі  «Мақал айтсаң-жол көрсеттің, Мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» сайысына кезек береміз. (үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастыру). Бұл ойынның шарты бойынша әр командаға 2 мақал-мәтелден беріледі, сайыскерлер мақалдың жалғасын табулары керек.

 

  1. Ата….., бала……..(Ата-бәйтерек, бала-жапырақ)
  2. ………………..сүйіндіреді, …………..күйіндіреді. (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді).
  3. …..әдемі сөз-…….. ақылды сөз. (Ең әдемі сөз, ең ақылды сөз)
  4. Жасында ……. үйренбеген кісіден өскен соң ………..жоқ.(Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ)
  5. Жеті жұрттың ……. біл, Жеті түрлі …… біл.(Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл)
  6. ……..еттен өтеді, ……. сүйектен өтеді. (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді).

 

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты  білім, терең ой сыналады.

Ал келесі ойын шарты бойынша,

«Күлдіргі жұмбақ» сайысы басталады.

 

Бұл ойынның шарты бойынша сұрақтар беріледі, жауабын білген команда қолдарын көтеріп жауап беруі керек.

 

  1. Кім барлық тілде сөйлей алады? (жаңғырық)
  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)
  3. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? (ой-қиял)
  4. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен басқалар көп айтады? (сенің есімің)
  5. Дүниеде барлық нәрсеге не қажет? (атау, есім)
  6. Аптаның бес күнін атын атамай, қалай рет-ретімен атап шығуға болады? (алдыңгүні, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)
  7. Өсімдік пен сөзге ортақ қасиет? (түбір)

 

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

 

Ендеше,  сайысымыздың келесі бөлімі «Тілге құрмет-елге құрмет» сайысын бастаймыз.  Ойынның шарты бойынша сайыскерлеріміз берілген сұрақтарға қолдарына берілген әріптерді қосып жауап беруі керек.

 

1-сұрақ.  Қазақ тілінің өркендеуі үшін сен қандай қызмет атқарар едің?

2-сұрақ. Тіл туралы мақал-мәтел білесің бе?

3-сұрақ. «Тіл тас жарады, та жармаса бас жарады» деген мақалмен келісесіңбе?

4-сұрақ. Өскенде тіл маманы болғын келе ме?

5-сұрақ. Сенің мектепке келіп, білім алудағы мақсатың не?

6-сұрақ. Тіл мерекесіне орай қандай құттықтау тілегің бар?

Берілген әріптер: А; Н; Ж;М;О; Қ;

 

Балалар құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің

Тіл туралы ойтолғау басталады

Қане қарап тұрмағын енді ешбірің-дей отыра

 

«Ана тілім – арман қанатым» атты тіл туралы ойтолғау сайысын бастаймыз.  (шығармашылық жұмыс)

 

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағазы мен сыйлықтарын тапсырады

 

Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

 

Осымен бүгінгі сайсымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенша қош, сау болыңыздар!