Қазақ тілінен емтихан билеттері
№ 1-билет
- Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра. Әдеби тіл. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
- Құрмалас сөйлем, оның түрлері, ерекшеліктері және жасалу жолдары
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 2-билет
- Сөйлем, өзіне тән белгілері мен сөйлем болуының шарттары, оның айтылу мақсатына,
құрылысы мен құрамына қарай түрлері
- Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары мен тыныс белгілері
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 3-билет
1.Хабарлы сөйлем, оның айтылу мақсаттары, тыныс белгісі.
2.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем, оның байланысу жолдары мен тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 4-билет
1.Сұраулы сөйлем, оның айтылу мақсаттары, жасалу жолдары
2.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем, оның байланысу жолдары мен тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 5-билет
1.Лепті сөйлем, оның айтылу мақсаттары, жасалу жолдары
2.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем, оның байланысу жолдары мен тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 6-билет
1.Бұйрықты сөйлем, оның айтылу мақсаттары, жасалу жолдары
2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем, оның байланысу жолдары мен тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 7-билет
1.Сөйлем мүшелері, негізгі белгілері және құрамына қарай түрлері, атқаратын қызметі туралы
- Кезектес салалас құрмалас сөйлем, оның байланысу жолдары мен тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 8-билет
1.Бастауыш, оның сұрақтары, құрылысына қарай түрлері, бастауыш болатын сөз таптары
2.Шартты бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу жолдары
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 9-билет
- Баяндауыш, оның сұрақтары, құрылысына қарай түрлері, баяндауыш болатын сөз таптары
- Қарсылықты бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу
жолдары
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№10-билет
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- Мезгіл бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу жолдары
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№11-билет
- Толықтауыш, оның сұрақтары, негізгі белгілері, байланысу түрлері, құрылысына қарай
түрлері. Тура және жанама толықтауыштар. Толықтауыш болатын сөз таптары
- Себеп бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу жолдары
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 12-билет
- Анықтауыш, оның сұрақтары, құрылысына қарай түрлері, байланысу жолдары, анықтауыш
болатын сөз таптары
- Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу
жолдары
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 13-билет
1.Пысықтауыш, оның сұрақтары, мағыналық түрлері, байланысу жолы және пысықтауыш болатын
сөз таптары
- Мақсат бағыныңқы сабақтас, оның сұрақтары мен баяндауыш формаларының жасалу жолдары
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 14-билет
- Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оның өзіне тән ерекшеліктері, түрлері, тыныс белгілері
- Аралас құрмалас сөйлем, оның құрамы, сызбалары, тыныс белгілері
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№15-билет
1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оның түрлері, байланысу жолдары, тыныс белгілері.
Жалпылауыш сөздер.
2.Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, оның байланысу түрлері, жолдары туралы
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№16-билет
1.Оқшау сөздер, оның қызметіне қарай түрлері, қолданылуы, тыныс белгілері
2.Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі. Төл сөз бен автор сөзінің көп құрамды түрі
- Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№17-билет
1.Жақты, жақсыз сөйлемдер, олардың негізгі белгілері мен жасалу жолдары
2.Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне қарай тыныс белгілері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№18-билет
1.Жалаң және жайылма сөйлемдер, олардың негізгі белгілері мен жасалу жолдары
2.Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 19-билет
1.Толымды, толымсыз сөйлемдер, олардың негізгі белгілері мен қолданылатын орындары
2.Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№ 20-билет
1.Атаулы сөйлем, оның жасалуы, құрамы, мағынасы жағынан қолданылу ерекшеліктері
2.Сабақтас, аралас, көп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері туралы
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
№21-билет
1.Тіл мәдениеті. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білудің шартары. Сөз қолданудың негізгі
принциптері
2.Күрделі сөз, сөз тіркесі, тұрақты тіркестер, олардың өздеріне тән ерекшеліктері
3.Сөйлемге кешенді грамматикалық талдау
Емтихан билеттеріне қосымша тапсырмалар
- Қандай сөйлем? Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса
Қаңтардың сақылдаған аязы. Қырау ұшқындап тұр. Қыстың бұл мінезін түсініп болмайды. Қалың қарды күреуге жалданған жас бала сарайға қарай берді.
- Тыныс белгісін қой. Қандай сөйлем? Біріншісін сөз тұлғасына талда
Қарт тұмарды ерніне жақындатып тәуеп етті де қалтасынан бәкісін алып тұмарды тігісінен сөгісімен оны төңкере жерге қарай сілікті.
- Тыныс белгілерін қой, бір сөйлемнің буындарына талдау жаса.
М.Әуезов Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас деді. Көзіңді аш оян қазақ көтер басты деп жырлады Міржақып Дулатов.
- Тыныс белгісін қой, сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талда
Абай Ұлжаннан Құнанбайдың екінші әйелінен 1845 жылы тамыздың 10-ы күні дүниеге келді.
Біздер жақында Ер Тарғын Алпамыс батыр жырларын оқыдық.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда
Ақшахан әскерімен қамалды қаншама шапса да Торғауыт қамалын бұза алмады.
Жәдігерді көкпарға тартпай Ұлтанның көңілі көншімеді.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, алғашқы сөйлемінен сөз тіркестерін тауып, түрлеріне талда
Балалары аман-есен келген соң Ерназар еліне үлкен той жасайды.
Жиренше ит пен ешкіні қосақтап алып ханның үйіне қарай келе жатты.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда
Шық бермес Шығайбайдың атын халыққа жаю үшін Алдар көсе алыс сапарларға аттанады.
Сарыбайды жерлегеннен кейін Танаш бастаған 11 кісі құда боп келді.
- Тыныс белгісін қойып, қандай сөйлем екенін айт, алғашқы
екі сөйлемін сөз тұлғасына қарай талда
Қоржынын жерге қойып қайың безінен шауып жасаған саптыаяғымен толтырып іліп алды да тістен өте шығатын тастай суды дем алмастан бір-ақ сімірді.
- Тыныс белгісін қой, сөйлемді сөз тұлғасына қарай талда
Мағжанды сүйемін деп жазды М.Әуезов европалығын әшекейін сүйемін. Келешек күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Абай былай деді сөзіне қарай кісіні ал кісіге қарап сөз алма.
10.Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай талда, тыныс белгісін қой,
сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса
Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы Қаз есімді қызы болға. Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма. Ақ жүректі туыс жолдас бауыр тұт. Екеу болса дүние-ай арман бар ма.
11.Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда
Мағжан 7 жасында Рабғузидің «Қисса-ул-әнбиа» кітабын оқыды да күллі пайғамбарлардың өмірін жаттап алды. Ақынға «Халық жауы» деген қара таңба басылды алайда 50 жылдан кейін ұрпағымен қайта қауышты.
12.Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшесіне талда
Бақтығұл ауру інісін алып кетуге мәжбүр болды неге десеңіз Сәлмен бай оларды өз аулынан қуды. Бие көпке шейін бұғалық тартты қыл шылбырды дәлдеп салған Бақтығұл оны босатпады.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөз табына талда
Бұл өмірде Тортайдың сүйетін екі нәрсесі бар бірі күндіз-түні кітап оқу екіншісі тау басына шығу. Мен бұл арада үндемедім үндеуді қажет те көрмедім.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшесіне талда
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас қардың суы секілді тез суалар. Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады не атпен айналдыра тартып шығарады.
- Сөздерді құрамына қарай бөлектеп, ерекшелігін айт
Қара торы қыз, кетіп қалды, тісін қайрады, ашық ауыз адам, жүз жиырма бес, су жүрек,
он бес оқушы, жұмған аузын ашпау, күзге қарай, қара көк, қоңыр ала сиыр, өлеңді айта алмады.
- Сөздерді байланысу түрлеріне қарай талда
Үлкен терезе, мерекеге дайындық, халықтың қазынасы, бүгін жолығу, тауға дейін барды, шикілей жеді, машинамен келді, Асан оқыды, сұрғылт бұлт, үйдің терезесі, балаша қуану, баланы тәрбиелеу.
17.Тыныс белгісін қой, сөйлем мүшесіне талда
Боранға ұшыраған мал мен жан Абайға үлкен ой салды. Ол салмақты ауыр мінезді үндемейтін бала еді. Мына өзендер Іле Қаратал Ақсу Лепсі Балқаш көліне құяды. Сәкен Бейімбет Ілияс үшеуі туған әдебиетіміздің бәйтерегі.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда
Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп айуан азаппен ақыл-есінен айрыпы өле-өлгенше мал соңына салған. Сарыөзектен баласын іздемек болып ана үйден шыққанда ауыл түгел ұйқыда жатыр еді.
- Тыныс белгісін қой, қандай сөздер екенін анықта
Сірә сорлы жоқ шығар менен өткен,
Дүние-ау сен осындай керемет пе ең
Ақ төсек-аппақ айдын, аққу-бала
Жаралы аққу секілді жаттың ба ана
- Дыбыс үндестігінің заңына сәйкес ықпал түрлеріне талда
Қара ағаш, келе гөр, қашса, жазсын, көк гүл, Жанболат, көп бала, сөзсіз, ала көз, ішсе, қақ алды, сегіз қанат, қақ бөлу, ақ ешкі келе ме екен, қас жау, жан бағу.
- Буын үндестігі заңына сәйкес сөздерге талдау жаса
Балалар, кілемге, күрекпен, өсімтал, балгер, зиянкес, боталы, кітап, кино, малшы, Әуезов, әсемпаз, кінәлау, тарихқа, емхана, тақтамен, алай-түлей