Асхана. –қа, -ке, -ға, -ге жалғауы.

3- сынып                                     №                                           айы, күні:

Сабақтың тақырыбы: Асхана.          –қа, -ке, -ға, -ге жалғауы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп
туралы жалпы түсініктерін анықтау. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауларын
қолданылуын үйрету.
Міндеттері:1.Жаңа сөздермен танысады, олардың қолдану аясын көреді; үлгілер
бойынша сөйлеуге үйренеді; -қа, -ке, -ға, -ге- жалғауларының мағынасын
түсініп, қолдану ережелерімен танысады.
                      2.Сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын дамытады;  байқағыштық,
логикалық ойлау, ізденістік қызығушылығын дамытады.
                      3.Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне
көмектесуді үйренеді
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап,
көрнекілік.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар
                                               Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі  
2 мин
2. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау

3.Жаңа сабаққа кіріспе.
Ауызша ассоциативті топ құрау арқылы сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс бағытын белгілейміз.(Мектеп жайлы әңгімелесу және  -қа, -ке, -ға, -ге – бағытты білдіретін жалғаулардың қолдануын үйрену). Ассоциативті топ «Мектеп» сөзіне құрастырылады.

4. Жаңа сабақты түсіндіру.
• Жаңа сөздермен танысу.
— Суреттегі таныс сөздерді оқушылар атап шығады, ал таныс емес, жаңа сөздерді, жеке, хормен оқып қайталайды.

• Мектеп – мектепке байланысты сөздерді атап шығады;
• Сынып – сыныпқа байланысты сөздерді атап шығады;
• Асхана – асханаға байланысты сөздерді атап шығады;
• Кітапхана- кітапханаға байланысты сөздерді ашығады;
Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып, сөздік-дәптерлеріне желімдеп қояды.

• Осы берілген сөздермен сұрақ-жауап арқылы шағын мәтін құрау

Мынау мектеп. Мынау (кішкентай) үлкен мектеп. Мектепте асхана, кітапхана бар. Мынау менің мектебім.

• Сөйлемді «бар-барамын» сөзімен байланыстырып құрау керек.
«Бар» — «иди» сөзі бағытты білдіретіндігін, оның шартты белгісін( )естеріне түсіреді. Сол арқылы сөйлем құрауға тырысады. «Бар» сөзі  -қа, -ке, -ға, -ге жұрнағы жалғанған сөздермен (зат есіммен) қолданатындығы түсіндіріледі.

• Сабақ барысында үйренген жалғауларды, жаңа сөздерді пайдаланып өз бетінше сөйлем құрау.

5. Бекіту- жазба жұмыстарын орындау
• Жалғаулардың жуан, жіңішке болатындығын бекітіп, үндестік заңы бойынша жалғанатындығын қайталау және тақтадағы жаттығуларды орындау.
Тапсырма: барыс септігінің жалғауларын үндестік заңы бойынша берілген сөздерге дұрыс жалғау керек.
АЛМА, СҮТ, ӘКЕ, МЕКТЕП, КІТАПХАНА…
-Сөздерді дұрыс орналастыру үшін оқушылар ауызша жауап береді – мұғалім тақтамен жұмыс істейді.
• Сөздердегі бос торларға керекті жалғауларды жалғау керек. Әрбір оқушы өз дәптерінде жаттығу жұмысын орындаған соң, топ ішінде өз-өздерін тексеріп таратпа карточканы толтырады. Мұғамімге тапсырады, жұмыстар оқушылармен бірге тексеріледі. Тақтаға дұрыс нұсқасы жазылады.
Мен мектеп… барамын. Мен асхана… барамын. Мен үй… барамын.
6. Бағалау- жиналған житон (суреттер) бойынша қорытындылау