Сұлу , әдемі музыка.

 

Сабақ тақырыбы:   Сұлу , әдемі музыка.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тақырып төңірегінде мәлімет беру, ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, өзіндік пікірлерінің қалыптасуына ықпал жасау.

Дамытушылық: ұлттық тәрбие бере отырып, тапсырмалар, сұрақтар, ойын арқылы оқушылардың   дүниетанымын,   ойлау қабілеттерін, жазба, ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қазақтың музыка өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу. Сыни ойлауға ықпал ету, бір-біріне көмек көрсетіп, жұмыстарын бағалай білуге баулу.

Оқу нәтижесі:

Бір-бірін тыңдауға, қатесін түзеуге үйренеді. Өз ойларын білдіру, рөлге бөліне отырып, тапсырманы орындауда жауапкершілік сезінеді. Ұлттық аспап сыбызғыны басқа аспаптардан ажырата алады.

Негізгі идеялар:

Қазақтың музыка өнерін білу, ұлтының мәдениетін құрметтеу.

 Ынталандыру: Болашақта оқушылар алған білімдерін өмірде  жүзеге асырулары қажет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Cабақтың типі: топтық жұмыс

Қолданылатын технология: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  «Миға шабуыл», рөлдік ойын, критериалды бағалау әдісі ,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: презентация , қима қағаздар,маркерлер ,бағалау парағы,оқулық, плакат-қағаз.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, биология.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Топқа бөлу ( түрлі-түсті қағаздан жасалған музыкалық кілттер арқылы топқа бөлінеді. Топ мүшелері өзара топ басшысын сайлайды. Топ басшысы әр кезеңде бағалау парағын толтырып отырады)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .

Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау. («Жастар киімі», «Спорт киімі», «Мектеп формасы» тақырыптары бойынша   постер құрастырады. Уақыт аяқталған соң, 3 топ жазған өнімдерін қорғайды. Сонымен қатар, бір-бірінің жауаптарын толықтырып отырады.)

ІІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе.

«Миға шабуыл»

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін  мына күйді тыңдайық! (оқушыларға мәтін мазмұнына сәйкес  сыбызғы әуенін тыңдату) слайд көрсету

  • Балалар, бұл ненің үні?
  • Сыбызғының.
  • Сыбызғы – бұл не?
  • Қазақтың музыкалық аспабы.
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай музыка?
  • Сұлу.
  • Әдемі.
  • Ендеше , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сұлу, әдемі музыка» деп аталады. ( слайд көрсетіледі)

Жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркестерін құрау.

           Шабуыл жасау –нападать

          Тұтқынға алу – взять в плен

          Бағу – пасти

          Сыншы – критик

          Сыбызғы –свирель

          Таңырқай – с удивлением

         Уәзір – визирь

         Алғысын айтты – поблагодарил

         Бас ию –преклоняться

1.Мәтінмен  жұмыс жасау.120- бет, 1-тапсырмадағы «Сұлу, әдемі музыка»  мәтіні.  (Әр топ бір абзацты оқып,талдайды. Түс бойынша (сыбызғы суреті)топқа бөлініп,бір-біріне тақырыпты түсіндіреді.Әр топтан бір оқушы мәтіннің мазмұнын айтады, мәтінге ат қояды.)

Сергіту сәтін өткізу.

2.2-тапсырма .Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

III деңгей

1.Мәтінге сұрақтар құрау.

2.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың емлесін түсіндіру.

   II деңгей

1.Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқу. Саймақ ханға қалай жауап берді?

2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың  орфографиясы туралы айту. Мысал келтіру.

I деңгей  

1.«Тек сұлу, әдемі, шыншыл музыка ғана адам жүрегіне жол табады» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтыңдар. Саймақтың сыбызғымен тартқан күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?

3-тапсырма. Сөйлемдерді жазып алып, үндестік заңына бағынбайтын қосымшалары бар сөздерді тауып, астын сызу.

Қазақстанның музыка өнері ғажап әрі көп жанрлы.  Күйші-сазгер Құрманғазы Сағырбаев , Дәулеткерей Шығаев, Тәттімбет Қазанғапов, әнші Жаяу Мұса Байжановтың шығармалары халық өмірін шынайы суреттеп,адамгершілікке және тәрбиеге, ең алдымен, жастар тәрбиесіне әсер етті.

      Ұлттық музыкамен кең әрі терең танысуымыз керек.

(Топтық бағалау жүргізеді.)

IV.Қорытындылау  

— Сонымен, қандай музыка ғана  адам  жүрегіне жол табады екен?

 

 

 

 

                            Музыка           

 

          

 

Балалар, әсерлі, жағымды музыка адамның денсаулығына жақсы әсер етеді екен.Мысалы,төсек тартып жатқан  ауру адам  музыканы тыңдаса, жазылады екен. Мұны медицина ғылымы дәлелдеп отыр , оны өздерің де биология пәні бойынша білісіңдер.

«Ән- өмірді ұзартады», «Ән – көңілдің ажары» деп тегін айтылмаса керек.

  1. Үй тапсырмасы:120-бет, жаңа сөздерді жаттау. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, тақырыбып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.

Бағалау.  (Бір-бірін бағалау мен критерий бойынша бағалау қорытындысын ескеріп, әр оқушының жиынтық бағасын шығарамын)

VII. Рефлексия

( Шеңбер формасындағы қағаз қиығын тарату. Оқушылар смайл түрін салып, сабаққа өз бағаларын қояды)