Қонақ келгенде

Сабақтың тақырыбы: Қонақ келгенде

Сабақтың мақсаты:

  1. Қонақтың түрлерімен танысу;
    5. Қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білу;
    6. Қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, мақал-мәтелдер айту, жыр-тақпақтар оқып, бата беру;
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, мультфильм;
Ұйымдастыру кезеңі:
• оқушыларды мультимедия сыныбына отырғызу;
• оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тәрбиеші сөзі:
— Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қонақ келгенде».
— Балалар, қонақ дегеніміз не?
• Үйге келген кісіні қонақ дейміз.
— Балалар, қонақтың неше түрі бар?
• Олар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылқыма қонақ, құтты
қонақ және ерулікті қонақтар.

 

 

 

 Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлем, құда
құдағи,сыйлы,құрметтікісілер.
• Құдайы қонақ. Бұлар – алыс жерден жолаушылап келе жатып көлігі бұзылы немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған бейтаныс қонақ.
• Қыдырма қонақ . Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.
• Қылқыма қонақ.  Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, бір ішіп-жеу мақсатында қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
• Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар. Бұл қонақ – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
• Ерулікті қонақ.  Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атаған.
Қонақты қарсы алу.
Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусызда келеді. Шақырусыз келген бейтаныс қонақ үйге: «Біз құдайы қонақпыз», — деп ескерте кіреді. Егер кімде-кім қонақты қуана қарсы алып, ерекше құрметтесе, оған риза болған қонақ шын ықыласпен бата берсе, сол отбасы байлыққа, бақытқа кенеледі. Шақырумен келген қонақты үйге жақындағанда алдынан шығыпқарсыалуміндет.
Дастарханбасынашақыру.
Қалыптысқан әдеп бойынша дастархан басына әуелі жасы үлкендерді шақырады. Келген қонақтар дастархан басына орналасқаннан кейін әлдебір себептермен кешігіп келетіндер болады. Әдетте арнайы шақыртылған қонақ кешікпеген. Ал, кешігіп келсе қазақ «неге кешіктің?» деп сөкпеген. Кешігіп жатса тиісті сыбағасын сақтап қойған.
Келген қонақтарға шайды бабымен құйған дұрыс.  Шайды ернеуі бүтін кесеге құяды. Қонаққа кетік, шытынаған кесе, табақ, майысқан қасық, ұсынуға болмайды. Шай құйылған шыныны қонақтарға әперу үшін үй ішінен арнайы бір адам отырады. Ол дастархан басындағылардың сұранысын, талап-тілегін орындап, шынылардың ауысып кетпеуін, бос болмауын, тұрып қалмауын қадағалайды. 

 
Қонақтардың қолына су құю.
Үлкен астан кейін үйдің кішілері немесе ересектеу балалар қолдарына құмандарына жылы су құйып, оң қолдарына құман, сол қолдарына легендерін алып, иықтарына бет сүлгілерін асып, бата берген кісіден бастап отырған кісілердің қолдарына жағалай су құйып, баталарын алады.
Қонақтарды шығарып салу.
Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз?
-Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады.

Сергіту сәті.
Оқушылардың «Жігіттер» тобының «Қонақ келді ауылға» өлеңіне биі.
Мақал-мәтелдер:
• Қонақасы – тәңір ақысы.
• Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
• Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
• Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
• Тоқ қонақты сыйлау оңай.
• Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
• Қонағыңның алтынын алма, батасын ал.
• Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
Қонақжайлылыққа байланысты ырым-тыйымдар:
• Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе,  үй иесі төрінен сыйлы орын береді. Бұл «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді.
• Қонақты сыйламас бұрын үй иесінің өзі астан ауыз тиюі керек. Бұл ырым арқылы астың адалдығы, үй иесінің қонақжайлылығы танылады.
• Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде  сыйлы қонаққа тай, қой, түйе, өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
• Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге  ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
Жыр-тақпақтар:
Ақкүміс:    Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Жансұлу:   Қонақжай халқымыз,
Қонақты қарсы алып, сыйлайды.
Қонақты сүйген салтымыз,
Дастарханын жимайды.
Арафат:     Қонақ келсе есікке,
Жүгіріп шық кешікпе.
Қарсы алмаса қонақты,
Кесір болар несіпке.
Айзат:         Қонақ келсе үйіне,
Жалғыз қойын соятын.
Барын алға қоятын,
Біздің халық — ер халық.
Мультфильм.
Алдар көсенің басынан өткен қызықты оқиғаларынан — «Күтпеген қонақ».
Бекіту сұрақтары:
Қонақ дегеніміз не?Ø
Қонақтың түрлері қандай?Ø
Сабақты қорытындылау.
«Әлем танығың келсе – атың болсын,
Халық танығың келсе – қонақты күтуде қолың ашық болсын, — деп дана халқымыз айтқандай осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталады. Келесі кездескенше аман сау

Дүниетану
Тақырыбы: Қонақжай (презентация түрінде)
Мақсаты:
● Жаңа материалды игертуге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Қонақ және қонақ түрлерімен таныстыру, мәтіннің мазмұның ашу, білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

● Сөздік қорын молайту, ой — өрісін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
● Адамгершілікке, қонақжайлылыққа және ұйымшылдыққа баулу.
Кіріспе:
Қонақ – бұл арнайы шақырылатын жора – жолдас, туған – туыс, үйге келген кісілер. Шақырмай да алыстан ағайын – туыстар келеді. Келген қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсыну – ертеден келе жатқан салтымыз. Кез – келген отбасына сырттан қонақ келмей тұрмайды. Қонақ шақырудың дәстүрі әр түрлі. Қонақшыл кісінің әдетте, жора — жолдастары, дос — жораны көп болады.
Қонақ күту дәстүрі ел – жұрт арасындағы ізгі қарым – қатынасты нығайтады. Әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болады. “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бекер айтылмаған.
Қонақ түрлері:
1. Қылқима – түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.
● 2. Қыдырма – ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
● 3. Арнайы – алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.
● 4. Құдайы — өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.
Сөздік жұмысы
● 1. Меймандос – үйге келген қонақ.
● 2. Қонақжай – қонақты жылы жүзбен қарсы алған үйдің иесін айтады.
● 3. Ілтипат – қонақты шын жүректен, ыстық ілтипатпен күтеді, шақырады.
Шығармашылық орталығының тапсырмалары
● 1. Қонақ деген кім? Оны қалай түсінесіңдер?
● 2. Балаға тән салт – дәстүрлерді ата.
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонақ күту — салтымыз” тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Өнер орталығының тапсырмалары
● 1. Үйге келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? Қандай құрмет көрсетесіңдер?
● 2. Қонаққа барған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5”Қонақ қабылдау” көрініс көрсету.
Оқу орталығының тапсырмалары
● 1. қандай жағдайда қонақ шақырамыз?
● Кімдерді қонаққа шақырады?
● 2. Қонақ келгенде ата — аналарына қандай көмек көрсетіп, қызмет атқарасыңдар?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонаққа байланысты мақал — мәтелдер айту. Мағынасын ашып түсіндір.
Орталықтардың тапсырмалары.
● І. Шығармашылық орталығы: Қонақжай
● ІІ. Оқу орталығы: Ілтипат
● ІІІ. Өнер орталығы: Меймандос
Әр топ берілген сөздерден бірнеше сөздер құрастырып жазып шығу.
Қорытынды:
● 1. “Қонақ” деген кім?
● 2.”Қонақжай” дегенді қалай түсінесіңдер?
● 3. Қонақ түрлерін ата.
● 4.”Меймандостық, ілтипат” деген не?
● 5. Қонақ келгенде немесе қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
● 6. Дастарқан басында қандай әдеттерді сақтау керек?