Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
дамытушылық: Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
тәрбиелік: Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға, сауатты жазуға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру,ішіне-сыртына
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,видио,слайдтар,суреттер
Күтілетін нәтиже: Сөздің қарама-қарсы мағынасын жетік білетін тұлға қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі,музыка
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психожаттығу.
- Үй тапсырмасын тексеру
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
- Жаңа сабақ
- Ой сергек
- «Жамбыл даңғылына» шырша ағашын отырғызамыз.
- «Абай даңғылына» қайың ағашын отырғызамыз.
- «Төле би» көшесінің бойына туя ағашын отырғызамыз.
- Таспа тыңдау.
- «Қазыбек би» көшесіне имен ағашын отырғызамыз.
- Сергіту сәті
- «Әйтеке би» көшесіне терек ағашын отырғызамыз.
- «Кім жылдам» ойыны
- Сабақты қорытындылау.
«Ішіне-сыртына» әдісі
- Үйге тапсырма.
- Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар,бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтарға көрсететін өзіміздің білімімізді жинақтап алайық, олардың алдында ұятқа қалмайық. Бар білімімізді көрсетейік.
Қуан,шаттан!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
- Үй тапсырмасын тексеру.
68-жаттығу. Қыстырма сөзді пайдаланып,суретпен әңгіме құра.
—Қыстырма сөз дегеніміз не?
-Қыстырма сөзге мысал келтір?
-Сөйлемдегі қыстырма сөзді тауып, оны дәлелде?
- Жаңа сабақ
Ой сергек
- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы,қазір жылдың қай мезгілі? Күз.
- Күз мезгілі туралы не айтуға болады?
- Күзде қандай еңбек түрлері жасалады? Күзде жеміс-жидектерді жинаймыз,ағаш отырғызамыз.
Ал, олай болса слайдқа назар аударайық. Слайдта еңбектің түрі көрсетіліп тұр. Суретті кім әңгімелеп береді? Осы суреттегі қарама-қарсы сөздерді табайық.
жақсылық-жамандық
еңбекқор-қатыгез
жақсы-жаман
мейірімді-мейірімсіз
Сонымен, қарама-қарсы сөздер дегеніміз- олар бір сөз табынан болады және олардың мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болады.
Осы суреттегі Марат сияқты біз де өз қаламыздың ең үлкен деген көшелеріне ағаштар отырғызайық. Ағашты отырғызбас бұрын тапсырмалар орындаймыз.
Дәптермен жұмыс.
7-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарама-қарсы сөздерді тап.
Қызғалдақтың қасына Енді тимен оған мен,
Қойып едім қондырмай, Ісіп кетті бас,шекем.
Бізін сұғып басыма Балы тәтті болғанмен,
Шақты-ау ара оңдырмай. Тілі өзінің ащы екен!
(Қадыр Мырза Әли)
Тапсырманы орындадық «Жамбыл даңғылына» шырша ағашын отырғызамыз.
Келесі тапсырма 8-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
- Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
- Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
«Абай даңғылына» қайың ағашын отырғызамыз.
Балалар,өте тамаша! Тапсырманы дұрыс орындадық.Біздің мектебіміз қай көшенің бойында орналасқан. –Төле би.
- Төле би кім болған?
- Қай жылдары өмір сүрген?
Биыл Төле би атамызға 350 жыл толды. Соның құрметіне бүкіл республика тойлады. Біздің қаламызда да көптеген іс-шаралар болып өтті.
Таспа тыңдалады
9-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Мейірімді- Сұйық –
Жуас- Қашық-
Қымбат-
Енді Төле би көшесіне туя ағашын отырғызамыз.
Келесі Қазыбек би көшесіне имен ағашын отырғызу қажет.
Тапсырманы орындайық.
10-жаттығу. Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз. Неліктен кейбір сөз жұптары мағынасы қарама-қарсы сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.
жақсы – жаман, жоғары-төмен, есік-терезе, әңгіме-үндемеу, оңай-қиын,үлкен-кіші.
Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркестерін жаса.
Сергіту сәті:
Қазақстанда көп ағаш,
Жайқалады өседі
Ең әдемі меніңше
Тараздағы мың ағаш
11-жаттығу. Ішінде мағынасы қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ тауып жаз.
«Әйтеке би» көшесіне терек отырғызамыз.
«Кім жылдам» ойыны
Ащы жеген Тазша баланың
аузы ашыды,
Тазша бала тұщы сумен
аузын шайды.
Жаңылтпашты жатқа айтып, мағынасы қарама-қарсы сөздерді табайық.
- Сабақты қорытындылау.
Ішіне-сыртына әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.
Ішіне Сыртына
жуан-жіңішке,әдемі-сұлу, көркем-таза, үлкен-кіші,қалың-қатты, аласа-биік, ұзын-қысқа, суық-ыстық, жақын–алыс,байсалды-сабырлы, бет-жүз.
- Үйге тапсырма.
12-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтін қандай көңіл күйге бөледі? Ашық сөзіне қарама-қарсы сөзді тап. Қарамен жазылған сөздерді мағынасы қарама-қарсы сөздермен алмастыр және құрастырған мәтініңді жаз.
Қосымша тапсырма әдеби шығармалардан мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу.
VI . Бағалау.
Салыстырмалы түрде бағалаймын
Кері байланыс:
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?