Қазақстан қалалары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды зерттеу жұмысына баулу. Қазақстанның қалалары туралы  мәлімет  беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бойынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой — өрістерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық процеске байланысты пікір алмасу, ортақ қорытынды шығару қасиеттерін арттыру. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, өз жеріне мақтаныш етуге тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, іздендіру, топтық жұмыс, ой ашар тәсілі, дұрыс — бұрыс жаттығу.

Сабақтың формасы: жалпысыныптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қалалардың суреттері, кесте, оқулық, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта, бейнебаян.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі.

Сабақтың ұраны : «Еңбек етсең,

Білім, өнер сенікі» (С.Мұқанов)

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Түгендеу.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Отан туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Біз өткен сабақтарда қандай жұмыспен айналыстық ?
  • Отанымыз, Қазақстан туралы әңгімеледік.
  • Үндестік заңын, дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталадық.
  • Дұрыс, бүгінгі сабақта осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз.
  • Балалар, енді алдарыңдағы парақшаларға назар аударыңдар. Көріп тұрғандарыңдай, өлең берілген. Өлеңнің бірінші қатарында қала аттары жазылулы тұр. Екінші қатарда — несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген. Сәйкестігін табыңдар. Дайын болған өлеңді хормен айтамыз.

 

 

 

 

ӘЛЕМ ҚАЛАЛАРЫ

 

Қалалар бар әлемде,

Таңқалдыратын халықты.

Ол қалалар әр елде

Несіменен даңқты?

ПАРИЖ  — Эйфель мұнарасымен

НЬЮ – ЙОРК –Бостандық мүсінімен

МӘСКЕУ — Кремлімен

ВАШИНГТОН – Ақ үйімен

САНКТ – ПЕТЕРБУРГ — Эрмитажымен

СОЧИ – демалыс үйлерімен

ӨСКЕМЕН — Бәйтерегімен

АЛМАТЫ — Медеуімен

Ал, Астана ше ?

Меніңше, — ……..

 

  • кезең. Қазақстан картасымен жұмыс.

 

 

 

 

 

  • Әлем қалаларын жақсы білесіңдер, бірақ біздің тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер, қазір тексереміз.

 

Сұрақтар:

  1. Қазақстанның Батысында (Западный Казахстан) қандай қалалар орналасқан? (Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау)
  2. Ал, Шығысында (Восточный Казахстан) қандай қалалар орналасқан? (Шыңыс Қазақстан, Өскемен, Қарағанды)
  3. Солтүстігінде (Северный Казахстан) қандай қалалар бар? (Павлодар, Ақмола, Қостанай)
  4. Оңтүстігінде (Южный Казахстан) ше? (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент)

 

  • кезең. Бейнесюжетті көру.
  • Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше үш жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар деп ойлайсыңдар? (Алматы, Астана, Атырау)
  • Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?
  • Алматы – бұрынғы астанамыз.
  • Атырау – біздің туған жеріміз.
  • Астана – жаңа ел ордамыз.
  • Астана туралы не білесіңдер ? (оқушылардың жауаптары)
  • Жарайсыңдар, енді Астана туралы бейнесюжетті көрейік. (бейнесюжетті көру).

 

 

  • кезең. Қорғау кезеңі.

Жоспар бойынша кестені толтыру.

 

АлматыАстанаАтырау
1. Несімен ерекшеленеді?
2. Қаланың атауы нені білдіреді?

 

 

  • Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып, аударыңдар. Қарамен белгіленген сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін ажыратып жазыңдар.

 

Егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім — егеменді Қазақстан. Қазақстан – үлкен мемлекет. Қазақстанда 14 облыс бар.  Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар таулар, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар мекендейді. Мен өз елімді мақтан тұтамын.

 

 

  • кезең. Жаттығу жұмысы.

Үндестік заңы бойынша үш мысалдан жаз.

 

қ-ғ                      к-г                  п-б

 

 

Үлгі:

қасық – қасығы                     көлік – көлігі               доп — добы

қуыршақ – қуыршағы                   көйлек – көйлегі          кітап — кітабы

ұшақ – ұшағы                       күшік – күшігі             мектеп – мектебі

 

 

  • кезең. Фонетикалық талдау.

Семантикалық карта бойынша берілген сөзге фонетикалық талдау жасау.

 

ӘРІПДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
жуанжіңішкеашыққысаңеріндікезулікқатаңұяңүнді
А
Л
М
А
Т
Ы

 

  • кезең. Бекіту кезеңі.

Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді тест бойынша тексереміз. Бір – бірімізді қалай тыңдадық.

 

 

  • кезең. Қорытынды.

(Рефлексия арқылы)

 

  1. Сабақта не істедік?
  2. Сабақта не үйрендік?
  3. Сабақ ұнады ма?

 

 

  • кезең. Бағалау.

Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау.

 

10- кезең. Үй  тапсырмасы.

«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шағын әңгіме жазу.