Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатты қорғаңдар.   Етістіктен өткенді қайталау(1,5 — слайд)

Сабақтың ұраны:  ( 6 -слайд)

“Адамзаттың  табиғатсыз  күні  жоқ,
Табиғаттың  оны  айтуға  тілі  жоқ”.
Ш.Айтматов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау.

 Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың  өтілу моделі( 4- слайд)

І   Тақырыбы         ІІ  Мақсаты         ІІІ  Үй тапсырмасы       ІV   Жаңа сабақ         V Түрлі

тапсырмалар          VI   Қорытындылау         VIІ   Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі ( 2-слайд)

Психологиялық дайындық: ( 3-слайд)

Бізге тамақ не үшін қажет?

Жарық не үшін қажет?

Су не үшін қажет?

Ауа не үшін қажет?

Үй тапсырмасы: (8- слайд)

Қазақстанның қорықтары

Сөз таптарын қайталау

Қазақстан қорықтарының картасы( 10-слайд)

Үй тапсырмасын дайындап келген 9 оқушы слайдтан көрсету арқылы қорықтардың жануарлар, өсімдіктер әлемімен таныстырып, айтып береді. (10-36 слайдтар )

Оқушылардың қорықтар жайлы дайындап келген презентациясын көру.

Үйге берілген грамматикалық тақырып:  Сөз таптары. Бұл тақырыпты семантикалыққ карта арқылы қайталау. ( 37-38 слайд)

Ой шақыру: (39-слайд)

1)Қазіргі кездегі өткір  мәселелердің бірі не?                                                                                                                    2) 5-ші маусым қандай күн?                                                                                                                                                         3)Оның негізгі мақсаты қандай?                                                                                                                               4)Табиғатты қорғауға біздің  борышымыз қандай?

Табиғат дегеніміз не? (40-слайд)

 

Табиғатты  қорғау дегеніміз  – адамның өзін-өзі қорғауы ( 41-слайд)

Жаңа  сабақ

Сөздікпен жұмыс: (42-слайд)

ҚАЗЫНА – СОКРОВИЩЕ       ХАЛЫҚАРАЛЫҚ — МЕЖДУНАРОДНЫЙ       ҚОҒАМ – ОБЩЕСТВО      ҚҰРЫЛДЫ –СОЗДАН

ҚАМҚОРЛЫҚ – ЗАЩИТА             ТІРКЕЙДІ –  РЕГИСТРИРУЕТ

Мәтінмен жұмыс: Табиғатты қорғаңдар! ( 43-слайд)

Мәтінді оқып, аудару

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет.Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде“Халықаралық  табиғат қорғау қоғамы” құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты “Қызыл  кітап“деп атайды.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер: ( 44 -слайд)

  1. Халық қазынасы не?
  2. Біз табиғаттың несін қорғай білуіміз  қажет?
  1. 1966 жылы біздің елімізде не құрылды?

4  Оның басты мақсаты не?

  1. Саны сиреп, құрып бара жатқан аң,  құстарды,өсімдіктерді тіркейтін кітапты   қалай атайды?

Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы:  Етістіктен өткенді қайталау ( 45-52 слайд)

  • Етістік деген не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
  • Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • Мағынасына қарай  нешеге бөлінеді?
  • Есімше қалай жасалады?
  • Көсемше қалай жасалады?
  • Тұйық етістік қалай жасалады?

Етістікке байланысты тапсырмалар орындау:

  1. Сөйлемдегі етістіктің орнын толықтырып, астын сыз.
  2. Адам баласы табиғатты …       .                                                                                                                               2. Біз бұлақтардың көзін    …  .                                                                                                                                                          3. Су мол болса, астық та    …  .                                                                                                                           4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір …        .                                                                                                5. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп  …       .

 

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.

 

  1. Сөйлемнің дұрыс +, бұрысын — анықта.

1.Табиғат пен адам – біртұтас.

  1. Табиғат халық қазынасы емес.
  2. Су бар жерде – тіршілік жоқ.

4.Орман – ауаны тазартпайды.

  1. Сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркемейді.
  2. 1966 жылы біздің елімізде “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды.
  3. СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА
МысалдарНегізгіТуындыДараКүрделіЕсімшеКөсемшеОсы шақКелер шақӨткен шақ
Қорғады
Жазып отыр
Құрылды
Тіркейді
Жатқан

 

Сөзжұмбақ

 

  1. Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы.
  2. У – жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіретін етістік.
  3. Жұрнақсыз жасалатын етістік түрі.
  4. Түбір мен сөз жасамдық жұрнақ арқылы жасалатын етістік.
  5. Құрамына қарай екі немесе оданда көп сөзден тұратын етістік.
  6. Құрамына қарай бір ғана сөзден тұратын етістік.

 

Қорытынды:

1.Біз бүгін сабақта не туралы айттық?

  1. Халық қазынасы не?
  2. “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” қашан құрылды?
  3. Саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды,өсімдіктерді тіркейтін кітапты қалай атайды?

   Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

 Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

            Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:    1. “Мен табиғатты аялаймын” тақырыбына шағын шығарма жазып келу.     2. Пайдаланамын, күресейік сөздеріне морфологиялық талдау жасап келу.