Тіл мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: оқушыларға төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік беру олардың айырмашылығын өз беттерінше таба алуға үйрету
2.Дамытушылық: Сауатты жазуға Өз ойын көркем жеткізе алуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
155- жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Төл сөз-жазушының я сөйлеушінің сөздегі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз,бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзі.
Автор сөзі-төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының не
сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылуы.
Төлеу сөз-жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі.
Төл сөздің орын тәртібі мен тыныс белгісі:
1)төл сөз автор сөзінен бұрын:
«Төл сөз»,-автор сөзі.
-Төл сөз,-автор сөзі.
2)Төл сөз автор сөзінен кейін:
Автор сөзі: «Төл сөз».
Автор сөзі: -Төл сөз.
3)Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді:
Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.
Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі.
4)Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».
-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз.
ІV. Cабақты меңгерту
156- жаттығу
Өзіндік жұмыс
- Сабақты қорытындылау
Шығармашылық жұмыс
VІ. Үйге тапсырма беру. 157 -жаттығу
VІІ. Бағалау.