Ұлттық cпорт түрлері
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық cпорт түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Cабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері,сандық,ноутбуктар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.
І топ Топтың аты- «Көкпар ».Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.
ІІ топ Топтың аты- «Тұлпар ».Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын ,жүйрік ат.
Мұғалім :Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Асық санына байланысты оқушыларды бағалау
8 ‹ 5
7-6 ‹ 4
5 ‹3
III Жаңа сабақты қалыптастыру (бейнероликті көру)
Сабақтың тақырыбы қандай екен.
Ұлттық спорт түрлері
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт — дәстүрі, ойындары немен байланысты?
2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?
3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
-Біз бүгін қандай ұлттық ойын түрімен танысатынымызды,сөзжұмбақты шешейік , ,,, ,,
Жаңа сөздермен танысу
- сөздік жұмыс
а) жаңа сөздер
Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом
Серке – туща козла
Күш-жігер -сила
Төзімділік — терпеливость
Батылдық — мужество
Ептілік — ловкость
Қазандық — котел
Салым — очко
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
- Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Көкпар
Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.
ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
- Көкпар қандай ойын?
2.Бұл ойын қайда кең тараған?
3.Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма .Берілген диалог бойынша сөйлесіңдер.Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
-Қасен,сен ұлттық спорт ойын түрлерін ұнатасың ба?
-Иә,әрине ,ұнайды.
-Қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?
-Көкпар,күрес,қыз қуу,арқан тартысу,бәйге,теңге алу,аударыспақ,дойбы,асық ойындары,т.б.
-Иә,солай десе болады,маған да ұнайды.
-Иә ,әсіресе наурыз тойында ұлттық спорттық түрлері кең көрсетіледі.
-Ұлттық спорттың тек наурыз тойында ғана емес,күнделікті тұрмыста да қолданғаны жақсы ғой.
-Әрине,мектепте арқан тартысу,тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар өткізіліп жүр ғой.
Сұрақтар:
1.Қасен ұлттық спорт ойындарын ұната ма?
2.Қандай спорттық ойын түрлері аталды?
3.Қасен ұлттық спорт түрлерін қандай тойда көп көргенін айтты?
4.Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?
— Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.
- VI. Ұлттық ойындарды ойнау.
1.«Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау.
Екі топқа шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі.
Тұлпар тобы: 1) Айгүл ,ойнайды,жақсы,тоғызқұмалақ,ойынын
2) Жарысы,наурыз, болды,мерекесінде,ат
3) Біздің ,балалары,ауылдың,асықты,ойнайды,жақсы
Көкпар тобы: 1) Мен «Көкпар» теледидардан,көрдім,ойынын
2) Досанның ,бірінші,бәйгеден,аты,алды,орын
3) Ойындары,көп,ұлттық,қазақтың,өте.
“Бәйге”ойынын ойнаймыз.Бұл
тапсырмада ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.
1….- екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады.
2….Ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құрылған.
3…-алаң ортасынан көлденең сызық сызылады,ұзын жіп немесе арқан керек.
4…. – бұл –елдің сыртында әткеншек құрып,өлең айту.
5….-ойынға 4-5 бала қатысады.Ойынға 10 асық алынады.
6…. – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып,бірін-бірін қуады.
7…. –жігіттер мен қыздар түнде жиналып,ойналатын ойын түрі.
8…. –белгіленген қашықтықта үш-төот жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады.Ойыншылар шауып келе жатып,шүберекті алу керек
Сергіту сәті
Шынықтырып денені «Қара жорға » билейік
«Жасырынбақ» ойынын ойнаймыз.«Сиқырлы сандықтан» тапсырманы алып орындау.
Ұлттық ойын туралы әңгімеле.Әр топ тапсыманы алып орындайды.
Бәйге
Аударыспақ
«Көкпар»ойында екі топ мақал-мәтелдерден жарысады.
Тақтамен жұмыс
Сатылай талдау кешені бойынша
Әр топ тапсырмаларды орындайды
1 топ бәйге сөзіне фонологиялық талдау жасау
2 топ көкпар сөзіне фонетикалық талдау
Бес жолды өлең стратегиясы.
Жігіттер
1
2
3
4
5
VIІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?
VIІІ. Үйге тапсырма:Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.
ІХ. Бағалау