Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Алғашқы сабақтың  тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ»  Жолдауымен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ел тарихын білуге қызығушылықтарын  ояту.

Еліміздің мемлекеттік  рәміздерін құрметтейтін, еліне,халқына қызмет

ететін   жеке тұлға қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, Отанымыздың байлығын

қорғауға, елімізді  өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы,

Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер,

Қазақстан  туралы әндер.

 Әдісі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап, көрнекілік, поэзия минуты

 

                                           Сабақтың жүру  барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Психологиялық дайындық.

ІІ.Қызығушылықты ояту кезеңі.

-Қазақстан туралы не білеміз?

-Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

— Біз қандай мемлекетте тұрамыз? — Қазақстан.

— ҚР — ның халқы қай тілде сөйлеу керек? — ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

— Біздің тұңғыш президентіміздің аты — жөнін білесіңдер ме?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

ІІІ.Мағынаны тану кезеңі.

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын — қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.

2014 жылы 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» — күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай — ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс — тіршілігінің дамуына бірден — бір ықпал еткен фактор — бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Білім — барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.  Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

 

ІІІ. Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

IV.Поэзия минуты

Тіл, тәуелсіздік, Отан туралы  өлеңдер оқылады.

V.Шығармашылық тапсырма:  «Мен президент болсам не істер едім?…»

Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

VI Қорытынды: — Жолдау туралы не түйдің?

Мен 21 — ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! — деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі

Шайхаденова Саяжанның

І«Б» сыныбына

«Қазақстан жолы – 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы алғашқы сабағы