Екпін. Сөз екпіні. Ой екпіні
Сабақ жоспары
Бекітемін: | Қазақ орта мектеп — интернаты | ||
Сабақ: қазақ тілі | Сынып: 5 «а» — сынып | ||
Уақыты: | Шаяхметова А.Е. | ||
Сабақтың тақырыбы: Екпін. Сөз екпіні. Ой екпіні | |||
Сабақтың мақсаты: Екпін және оның түрлері туралы тақырыпты ашу, мақсат қою, сыни ойлау арқылы оқушыларды сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдана отыра оқушыларға қосымша мағлұмат беру, қызығушылықтарын арттыру, диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушыларды өз ойларын толық сапалы жеткізе білуге үйрету, еркін сөйлеулерін қалыптастыру | |||
Ресурстар: Оқушылар оқулығы, Оқушы дәптерлері. Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/ Плакат, марекерлер, стикерлер. | Сабақтың критерийлері: 1.Екпін туралы сыни ойландыру /екпін д/з не? 2.Тақырыптың мақсатын өздеріне анықтату 3.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге дағдыландыру | ||
Сабақтың әдісі: Ой ашар. Психологиялық тренинг Оын ойнату Топқа бөлу ойын шарттарындағы атаулар арқылы Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап оқуш мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету /топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар/ Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану Слайд көрсету Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы
| |||
Уақыты: | Жұмыс түрі: | Мұғалім әрекеті: | Оқушы әрекеті: |
08.00-08.05 | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг /алма, алмұрт, банан, десерт/ | Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады | Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады |
08.05-08.10 | Үй жұмысын тексеру Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/ | Мұғалім оқушыларға өткен тарау бойынша /фонетика тарауы бойынша/ сұрақтар қояды | Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады |
08.10-08.15 | Ой шақыру. Екпін дегенімізді қалай түсінеміз? сыни ойлау арқылы | Балалар, екпін деген сөзді сіздер жалпы қалай түсінесіздер? Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі /осы тірекстер төңірегнде тапсырма беремін/ | Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып талқылайды топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады. |
08.15-08.25 | Топпен жұмыс. Сыни ойлау | Балалар, сонымен біз не туралы айтып жатырмыз? Сабақтың тақырыбы не болмақ? | Оқушылар сабақтың тақырыбын топтар ішінде анықтап алады. Сабақтың мақсатын анықтайды, қояды плакатқа өз тапсырмаларын түсіндіреді. Ортаға шығып жұмыстарын қорғайды. |
08.25-08.30 | Топпен жұмыс. Екпін нелерге түседі? Диалогтік оқыту | Екпін нелерге түседі? Бір сөзге?бір буынға? Бір дыбысқа? Бір тіркеске? Мысал мен дәлелдеңдер? | Оқушылар оқулықытың көмегімен ережеге сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады. |
08.25-08.30 | Оқулықпен жұмыс | 343-жаттығуды орындауға беремін | Оқушылар берілген тапсырма бойынша жаттығуды орындайды жеке-жеке өз дәптерлерінде |
08.30-08.35 | Шығармашылық жұмыс | М.Әлімбаевтің өлеңін беремін | Оқушылар осы берілген өлеңнен сөз екпіні түсіріп оқиды астын сызады екпін түскен сөздің |
08.35-08.40 | Сабақты қорыту Сұрақ-жауап арқылы | Екпін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Сөз екпіні д/з не? Ой екпіні д/з не? | Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды. |
08.40-08.42 | Үй тапсырмасын беру | Екпін ережесін жаттау. Бір сөйлем құру және сол сөйлем ішіндегі сөздердің орнын ауыстыру арқылы ой екпінін анықтау, астын сызып келу дәптерге орындау | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
08.42-08.43 | Рефлексия | Плактты тақтаға іліп қоямын | Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жасзып іледі |
08.43-08.45 | Бағалау | Топ басшыларының бағалауларын сұраймын, өзім соңғы бағасын шығарамын, жұрналға түсіремін. К.нделіктеріне қоямын. | Топ ішіндегі басшылары әр топты бағалайды |