5-сыныпта өткенді толық қайталау сабағы
Сабақ жоспары
Бекітемін: | Қазақ орта мектеп — интернаты | ||
Сабақ: қазақ тілі | Сынып: 6 «а» — сынып | ||
Уақыты: 14.00-14.45 | Шаяхметова А.Е. | ||
Сабақтың тақырыбы: 5-сыныпта өткенді толық қайталау сабағы | |||
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың өткен тақырып жайлы ойларын қозғау, қайта жаңғырту. Тез ойлауға, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу | |||
Ресурстар: Оқушылар оқулығы, Оқушы дәптерлері. Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/
| |||
Сабақтың әдісі: Ой ашар. Психологиялық тренинг Қара жорға биі Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету /топпен жұмыс, әр түрлі деңгейде сұрақтар мен тапсырмалар/ Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану Слайд көрсету Жас ерекшелік, талантты және дарынды
| |||
Уақыты: | Жұмыс түрі: | Мұғалім әрекеті: | Оқушы әрекеті: |
14.00-14.05 | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг Би билеу | Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады, санау арқылы бөлінеді | Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады |
14.05-14.10 | Үй жұмысын тексеру Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/ | Мұғалім оқушыларға 5-сыныптан өткен тараулар бойынша сұрақтар қоямын | Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады |
14.10-14.15 | Ой шақыру сыни ойлау арқылы | 1-слайд тіл дыбыстарының тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінуі | Оқушылар слайдқа көз жүгірту арқылы өткенді еске түсіреді |
14.15-14.25 | Деңгейлік тапсырма | 2- слайд жуан у мен жіңішке у бөліп жазу | Оқушылар дәптерге орындайды |
14.25-14.30 | Деңгейлік тапсырма | 3-слайд көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып жазу | Оқушылар дәптерге орындайды |
14.25-14.30 | Сергіту сәті | 4- слайд сергіту сәті | 2-4 оқушы шығыады |
14.30-14.40 | Деңгейлік тапсырма | 5-8 слайд семантикалық картамен жұмыс | Оқушылар дәптерге орындайды |
14.40-14.43 | Сабақты қорыту Сұрақ-жауап арқылы | Әдеби тіл дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады? Қандай сөздер жатпайды? Нормаға жатпайтын қандай сөздер? Диалект сөздер дегеніміз не? Сабақта не ұқтық? Не білдік? Не үйрендік? | Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды. |
14.43-14.44 | Үй тапсырмасын беру | Әдеби тіл және оның нормасын, мәтінмен байланысын мазмұндау | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
14.44-14.45 | Рефлексия | Плактты тақтаға іліп қоямын | Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жазып іледі |
14.45-14.45 | Бағалау | Топ басшыларының бағалау | Топ ішіндегі басшылары бағалайды |