Сынақ сабақ
Сабақ жоспары
Бекітемін: | Қазақ орта мектеп — интернаты | ||
Сабақ: қазақ әдебиеті | Сынып: 5 «а» — сынып | ||
Уақыты: | Шаяхметова А.Е. | ||
Сабақтың тақырыбы: Сынақ сабақ | |||
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Өткен тақырыптар бойынша ойландыру, еске сақтау. Сыни ойлау арқылы оқушылардың ой танымын, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Бір –біріне сұрақтар қою арқылы балалардың диалогтік сөйлеу, ойларын толықтыру. | |||
Ресурстар: Оқушылар оқулығы, Оқушы дәптерлері. Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/ Плакат, марекерлер, стикерлер. | Сабақтың критерийлері:
| ||
Сабақтың әдісі: Ой ашар. Психологиялық тренинг Оын ойнату Топқа бөлу ойын шарттарындағы атаулар арқылы Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап оқушы мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету /топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар/ Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану Слайд көрсету Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы
| |||
Уақыты: | Жұмыс түрі: | Мұғалім әрекеті: | Оқушы әрекеті: |
14.00-14.05 | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг /алма, алмұрт, банан, ассорти/ | Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады | Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады |
14.05-14.10 | Үй жұмысын тексеру Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/ | Мұғалім оқушыларға өткен тараулар бойынша сұрақтар қояды | Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады |
14.10-14.15 | Ой шақыру. сыни ойлау арқылы | Балалар біз жыл бойы қазақ әдебиетінде не үйрендік? Кімдермен және қандай шығармалармен таныстық? | Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып талқылайды топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады. |
14.15-14.25 | Топпен жұмыс. Сыни ойлау | Қазір балалар сіздер мынадай тапсырмаларды орындайсыздар. Менің ең жақсы есімде қалған кейіпкер және сол шығарманың авторы туралы мен не білемін? | Оқушылар берілген тапсырмалар аясында ойланады сұраққа жауап беру мақсатында көп ізденеді. Естіне түсіреді |
14.25-14.30 | Топпен жұмыс. Арнайы сұрақтар беремінт Диалогтік оқыту | Кәнекей балалар, бірімізге біріміз сұрақ қояйық. Сұрақ нақты әрі түсінікті болу керек. | Оқушылар оқулықытың көмегімен тақырыптарға сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады. |
14.25-14.30 | Оқулықпен жұмыс | Тест оқулықтың соңындаға орындау | Оқушылар берілген тапсырма бойынша тестті орындайды жеке-жеке өз дәптерлерінде |
14.30-14.35 | Шығармашылық жұмыс | Менің жыл боында үйренгенімнің нәтижесі | Оқушылар осы берілген тапсырма ясында шағын эссе жазады |
14.35-14.40 | Сабақты қорыту Сұрақ-жауап арқылы | Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қоямын | Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды. |
14.40-14.42 | Үй тапсырмасын беру | Жыл бойғы өткен шығармаларды қайталау және жазғы демалыста көлемді шығарма оқып келу | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
14.42-14.43 | Рефлексия | Плактты тақтаға іліп қоямын | Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жазып іледі |
14.43-14.45 | Бағалау | Топ басшыларының бағалауларын сұраймын, өзім соңғы бағасын шығарамын, жұрналға түсіремін. Күнделіктеріне қоямын. | Топ ішіндегі басшылары әр топты бағалайды |