Қайталау-білім анасы.

 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау-білім анасы.

Сабақтың мақсаты: білімділгі: оқушылардың қазақ тілінен өткен

білімдерін бекіту, төрт жалғаулыққа жаттығулар

орындау;

дамытушылығы: ауызша,жазбаша жаттығулар

орындай отырып,оқушылардың сауаттылығын ,

тілдік қорларын,сөздік қорларын молайту;

тәрбиелігі: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

                      

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

-Бүгін бізде ерекше күн.Біздің сабағымызда қонақтар отыр. Бүгінгі сабақта өз білімімізді тартынбай көрсетуге тырысайық.

Сәттілік тілеймін.

  1. Сабақтың ұраны.

Гүлденген Қазақстан тұрағымыз,

Перелески орта мектеп білім ордамыз.

Арманымыз жетелейді болашаққа,

Мемлекеттік тілді білу ұранымыз.

 

3.Қазақ тілінен өткен тақырыптарға қысқаша шолу.

 

 

 

              Жеке-жеке талдау (ауызша)

            4 слайд. Бүгінгі сабағымыз топтар арасындағы жарыс сабақ.

І-топ. «Көптік жалғау»

ІІ-топ. «Тәуелдік жалғау»

ІІІ-топ. «Жіктік жалғау»

   Әр топ бір-біріне сәттілік тілеу.(приветствие)

І-топ –Сәттілік тілейміз!

ІІ-топ- Талаптарыңызға нұр жаусын!

ІІІ-топ- Күндеріңіз көңілді болсын!

Бүгінгі сабақта әр топ дұрыс жауаптарына Смайлик жинаймыз.Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз.

5 слайд.  Сабақ кезеңдері:

  1. Мәтінмен жұмыс. (мәтінді оқып,орыс тіліне аудару)
  2. Жалғаулар елінде.
  3. Сергіту сәті.
  4. Сөзіңіз қалай?
  5. Тестілеу.

6 слайд.

1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. (оқып,орыс тіліне аудар.)

І-топ.

Менің досым.

Менің досым бар.Оның аты-Нұрлан. Ол бесінші сыныпта оқиды. Нұрланның ата-анасы-дәрігер.Нұрланның ағасы және қарындасы бар. Оның ағасы-студент. Қарындасы мектепте оқиды. Нұрланның үйі мектептен алыс емес. Нұрланның бөлмесі кең және таза.

ІІ-топ.

Менің Қазақстаным.

Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстан-менің Отаным.Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның қалалары көп. Қазақстанның жері бай.Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Біздің елордамыз –Астана.

ІІІ-топ.

Мен ұқыпты баламын.

Менің атым –Арман.Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің сыныпта он жеті оқушы бар. Мен сабақты жақсы оқимын. Кешке  үй жұмысын орындаймын. Үй жұмысын орындауға анам,ағам көмек береді. Мен ұқыпты оқушымын.

7 слайд.

2-тапсырма. І-топ. «домбыра»

                        ІІтоп. «машина»

ІІІ-топ «оқушы» сөздерін септеу,дыбыстық талдау жасау,буынға бөліп,буын түрін  ажырату .

8 слайд.   Сергіту сәті. (көзге арналған)

9 слайд.

3-тапсырма. І-топ. «дос»

ІІ-топ. «Отан»

                        ІІІ-топ. «ауыл» сөздерін сөздерді ауызша тәуелдеу. (жекеше,көпше)

10 слайд.

 4-тапсырма. Сөздерді жіктеңдер.

І-топ.  тұрмын

ІІ-топ. ұшқышпын

ІІІ-топ. дәрігермін (жекеше,көпше)

11 слайд.

5-тапсырма. Сөз құрамына талдау.

а) І-топ. дәрігерлеріне

ІІ-топ. суретшілермен

ІІІ-топ.оқушылардан

ә) Дұрыс сөйлем құрап жаз.

І-топ. Мектепке,Әйгерім, жатыр,келе. (Зат есімді тап)

ІІ-топ.Үлкен,табиғатта,басталды,өзгерістер. (сын есімді тап)

ІІІ-топ.Таза, біз,демалдық ауада.(есімдікті тап)

12 слайд.  Тестілеу.

1.Қазақ тіліне  ғана тән неше дыбыс бар?

а) 5;          ә) 7;              б)3;            в) 9

  1. Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы?

а)барыс;    ә) ілік;         б) жатыс;    в) көмектес

3.“Етістік” – бұл:

а)наречие;      ә) глагол;     б) местоимение;       в) союз

  1. “Жеңіл” сөзінің антонимін тап:

а) ауыр;       ә) төмен;      б) жоғары;        в) ала

  1. “Мұғалім” сөзінің синониміндерін белгіле.

а) кітап, оқулық;          ә) дәптер, қалам;                                                                           б) ұстаз,оқытушы;       в) зат,пән

6.Заттың атын білдіретін сөздерді ……. дейміз.

а) сын есім;       ә) зат есім;         б) есімдік;          в) етістік

7.Жұрнақ арқылы жасалған сөзді белгіле:

а) намыс;         ә) сиыр;         б) достық;           в) жаз

13 слайд. Тексеру. (бағалау парағын толтыру)

                    Жауаптары:

  • в   — 5 ұпай                         
  • б   — 5 ұпай
  • ә   — 5 ұпай
  • а   — 5 ұпай
  • б  — 5 ұпай
  • ә  — 5 ұпай
  • б   — 5 ұпай

30 – 35 ұпай “ 5 “

20 – 25 ұпай “ 4 “

10 – 15 ұпай “ 3 “

Оқушының аты-жөні (Ф.И.)            тапсырмаларұпай саны

(баллы)

бағасы

(оценка)

1234567

 14 слайд.  Рефлексия.

-Не ұнады?

-Сабаққа кімдер жақсы қатысты?т.б.

Әр топ өздерінің жинаған Смайликтерін санап,жеңімпаз топты анықтау.

15 слайд. Жарайсыңдар,балалар!

Оқушының аты-жөні (Ф.И.)            тапсырмаларұпай саны

(баллы)

бағасы

(оценка)

1234567