Алдаркөсенің алдауы

Апта:Күні:   Сабақ
Сабақтың тақырыбы:Алдаркөсенің алдауы
Жалпымақсаты

 

Аты аңызға айналған Алдаркөсе туралы қызықты оқиғаларын көріп,оған сипаттама беру.  Сараңдық пен жомарттықтың арасын ажырата білуге үйренеді.
Оқу нәтижесі:

 

Оқиғаның әрі қарай қалай өрлейтінін болжай алады.Алдаркөсе деп аталу  себебін түсіндіреді. Қожанасыр мен Алдаркөсенің  мінезін, іс-әрекетін салыстырады. Алдаркөсенің жағымды және жағымсыз жақтарын бөліп айта алады. Оқиғаны сахналай алады. Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І Ұйымдастыру

1.     Сәлемдесу тренингі (3мин)

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге, бір-біріне жақсы қарым-қатынас орнату және жақындай түсу мақсатына өткізіледі

Шарты: Оқушылар шеңбер құрып  тұрады да сәлемдесудің  қалаған түрін көрсетеді. Әрқайсысы әртүрлі амандасу керек.

2.     Топқа бөлу (2 мин)

Оқушылар сандықша ішінен күлдіргі кейіпкерлерінің суреттерін  таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтарда бағалау парақтары болады:

 

Оқушының

аты

Үй тапс. тексеруЖаңа сабақӨзіндік жұмысЖиын-

тық баға

жауапүлесіжобаДарынды жұмысыТүсін-діруі
1.
2.
3.
4.
5.

 

 

3.     Үй тасырмасын тексеру (өтірік өлеңдерін оқыту)(5-7 мин)

 

 

 

II Қызығушылықты ояту: құрастырылған меңзер сызбасы бойынша тақырыпты ашу

УАлпЭЕАк
слДчеЦлД
өыАөСйъА
ТНрКзиыУ
ЫРдДШЖоТ
оВфаХбюЕ

Алдаркөсе мультфилімінен үзінді көрсетіледі.

 

1.     Миға шабуыл(диалог)

—         Күлдіргі адамдар деп кімдерді айтамыз?

—         Алдаркөсе мен Қожанасыр арасында қандай айырмашылық бар?

III Мағынаны тану Жигсо әдісі

1.     «Алдаркөсенің алдауы» атты мәтінді 2 бөлімге бөліп, әр топқа бөліп беремін.

2.     Жеке жұмыс:Оқушылар жеке-жеке оқып, түсінеді.

3.     Топтық жұмыс: Оқығандары бойынша топ ішінде талқылайды, бір-бірін тыңдап, толықтырады.

4.     Бөтен топтарға ауысады. Оқушылар бөтен топтар ішінде өз бөлімдері бойынша түсіндіреді.

5.     Үй тобына оралу. Балалар оқыған бөлімдерінің мазмұны бойынша сахналайды.

6.     Жоба қорғау. Сахналау бойынша ілінген суретке қарсылас топтар алған әсерлері  бойынша  қалған топтар бір-бірін тыңдап, стикерге критерийлер арқылы бағалап отырады. Стикердегі критерийлер:

Мазмұны:

Сахналауы:

Артисттігі:

IV Сергіту сәті:  Интерактивті тақта арқылы жаттығу жасау

V Ой толғаныс

Дарынды бала тапсырмасы:

1.      Арлан тақырып бойынша сурет салады.

2.     Зарина  кейіпкерлер мінезіне байланысты эссе жазып қорғайды.

Өзіндік жұмыс

1.     Өз пікірлері бойынша  кестені сын есімдермен  толтырады

ШығайбайАлдаркөсе
1.1.
2.2.
3.3.
4.4.

 

 

                   ҚожанасырАлдаркөсе
1.1.
2.2.
3.3.
4.4.

 

2.     Топпен талқылау.

3.     Ортаға салу.

VI Қорытынды:  Ой қорыту

·        Оқушылар ортаға шақырылады  да «Өрмекші торы» атты ойын арқылы балалар  тақырып бойынша не ұққандарын тексеремін.

·        Топ спикерлерінің бағалау парағы боынша есебі тыңдалады.

 

Дереккөздер және жабдықтар:Ғаламтор,мұғалімге арналған нұсқаулық, интерактивті тақта,флипчарт,түрлі-түсті қарындаштар,стикерлер,суреттер, кері байланыс картасы

 

 

 

Үй тапсырма беру

 

 

 

Мәтінді мазмұндау, «Қуаныш сыйлау» тақырыбына эссе жазу
Сабақты бағалау

 

 

 

Топтар критерий арқылы бағалайды, қолпаштау арқылы  мадақтау, рефлексия