Мақала

Сабақтың тақырыбы: Мақала
Мақсаты:
а/ білімділік: мақала , оның жазылу жолдары туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру.
ә/ дамытушылық: өз бетінше жұмыстандыра отырып, ойлау, өз ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сауаттылығын дамыту.
б/ тәрбиелік: үй тапсырмасы арқылы ізденгіштікке баулу, көркем әдебиетке деген сүйіспешіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, тестілеу, сөзжұмбақ шешкізу, өздік жұмыс, талдау, автор орындығы
Көрнекілігі: флипчарт
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
— Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару
— Дайындықтарын бақылау
Үй тапсырмасын тексеру
«Автор орындығы» . Оқушылар автор орындығында өздері жазып келген хаттарды оқиды.
— Сонымен хат дегеніміз не? Ол ауызша тілге жата ма , әлде жазба тілге жата ма?
М а қ а л
б ұ л А ғ ы
ж
а Қ с ы
ж А
У
т
ө Л

А
қ ы л
1. Сөздің көркі — ……..
2. Кітап –білім ………
3. ……….. байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
4. Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан ………. жаман.
5. Еңбекпен ер өседі, егізбен …… өседі.
6. Өнер көкке жеткізер, ……… көпке жеткізер.

— Шығармашылық жазу жұмыстарының қандай түрлері бар еді?
— Өткен сабағымызда хат жазуды үйренге болсақ, бүгінгі сабағымызда мақала туралы мағлұмат алып, жазып үйренеміз.

ІІ Жаңа сабақ публицистикалық стильге жатады тақырыбы болады

Белгілі бір деректерге сүйенеді авторы болады

Ереже дәптерге жазу:
Мақала –публицистикалық стильде белгілі бір деректерге сүйене отырып, белгілі бір тақырыпты қамтитын шығармашылық жұмыс.
1/ 313-жаттығу. Ауызша орындалады. Мақаланы оқып, не жайында айтылғанын айту, тақырыбын ашу.
2/ 314 –жаттығу.Оқу, тақырыбын ашу.
3/. Тапсырма. Мақала жазу
І қатар: Мектепте өткен спорттық сайыс туралы.
ІІ қатар: Мектепте өткен бір мәдени шара туралы.
4/ Сөз тіркесіне талдау
І қатар: Мектебімізде баскетбол үйірмесі ашылды.
Мектебімізде ашылды –жалғау арқылы, меңгеру, ет.т., толық-қ қатынас.
Баскетбол үйірмесі –жалғау арқылы, матасу, есімді тіркес, анықт.қатынас.
Үйірмесі ашылды –жалғау арқылы, қиысу, етістікті тіркес.
ІІ қатар: Біздің мектебімізде мәдени шаралар жиі өткізіледі.
Біздің мектебімізде – жалғау арқылы, матасу, есімді тіркес, анық.қатынас
Мектебімізде өткізіледі – жалғау арқылы, меңгеру, ет.тіркес, толықт. қатынас
Мәдени шаралар- орын тәртібі арқылы, қабысу, есімді тіркес, анықт.қатынас
Шаралар өткізіледі – жалғау арқылы, қиысу, ет.тіркес.
Жиі өткізіледі – орын тәрт.арқылы, жанасу, ет.тіркес, пысықтауыштық қатынас
Бекіту.
Тест тапсырмасы
1. Мақала қандай стильде жазылады?
а/ ресми стиль ә/ публицистикалық стиль б/ ғылыми стиль
2. Мақала әдеби тілдің қай түріне жатады?
а/ жазба тіл ә/ ауызша тіл б/ екеуіне де
3. Шығармашылық жазу жұмыстарының түрлерін тап
а/ өтініш, сенімхат, арыз ә/ хат, мақала, пікір б/ анықтама, хаттама
4. Мақала қайда жарияланады?
а/ радиода ә/ теледидарда б/ газет-журнал бетінде
Дұрыс жауабы: 1 –ә, 2-а, 3-ә, 4-б
Қорытындылау
— Сонымен, мақала дегеніміз не? Оның өзіне тін қандай ерекшеліктері бар?
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Газет –журналдардан өзіне ұнаған бір мақаланы көшіру, түсінгенін айту.