Шуақты көктем Сан есімді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Шуақты көктем Сан есімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Сан есімнен өткенді қайталау арқылы оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыру.
  • Жүйелі ойлауға, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы  шығармашылық  ізденістерін  дамыта  түсу.
  • Оқушыларға берілген мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізеттілік қасиеттерге тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, іздендіру, жобалау.

Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивтік тақта, көрініс, тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, математика, әдебиет.

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Білімді жан-жақты тексеру
  2. Үй тапсырмасы
  3. Шығармашылық жұмыстар

Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа деген ынтасын байқау. Сыныпты топқа бөлу,  ат қою. Тіл кеңістігін қалыптастыруға сұрақтар қою.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Көктем айларын ата?
  • Көктемде қандай мерекелер болады?
  • Бүгін наурыздың нешесі?
  • Аптаның қай күні?

 

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Сан есім дегеніміз не?
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Мысал келтір.
Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Кестені  толтыр

 

«Наурыз» тобы мен «Мамыр» тобы перфокартаны қосу таңбасымен арқылы белгілеу.

 

Сан есім мысалдарыесептікреттікжинақтықболжалдықтоптаубөлшектік
Бір мың екі жүз бес
Жетеу
Екіден бір
Отызыншы
Бес-бестен
Бесінші
Беске жуық
Жүздеген
Оннан
Біреу
Екі бүтін оннан үш

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Мамыр» тобы  «Мақал-мәтелдерде кездесетін сан есімдер» тақырыбы    бойынша жоба қорғады.

«Наурыз» тобы «Қазақ халқының киелі сандары» тақырыбы    бойынша жоба қорғады.

ІV. Шығармашылық жұмыстар

Дара және күрделі сан есімге мысал келтір. Бағанды толтыр.

 

Дара сан есімКүрделі сан есім

 

  • Балалар қазір сіздердің алдарыңызда «Қазыбектің тапқырлығы» атты көріністі көресіздер. Көріністі тамашалай отырып, ішінен сан есімдерді теріп жазып талдайсыздар.

Көрініс “Қазыбектің тапқырлығы”

     Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып қаз дауысты Қазыбек би келеді. Сонда Бұқар жырау:

-Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген.

Сонда Қазыбектің берген жауабы.

-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.

-Екі дегеніңіз-егесіп кеткен ер жаман.

-Үш дегеніңіз-үш бунақты шідерден шошынған ат жаман.

-Төрт дегеніңіз-төрде төсек тартып жатқан жаман.

-Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.

-Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған кісі жаман.

-Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

-Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.

-Тоғыз дегеніңіз-толғанғаныңыз.

-Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

 

-Екі топтан бір-бір оқушы шығып тақтаға наурыз, мамыр сөздерін септейді, ал топ оқушылары септелген сөздерді қолдана отырып сөйлем құрайды.

Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық шағын ертегі құрастыру.
(сан есімдерді қолдану)

  1. Сабақты қорытындылау

Не білдік?

Нені үйренгілерің келеді?

 

 

VІ. Бағалау:

 

Сұраймын, жауап бер.                  Ойла, ойлан, ойландыр.            Шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

Сергіту сәті: «Ойлан тап» ойыны

 

VІІ.Үйге тапсырма:

  • ІІІ деңгей 1-тапсырма
  • ІІ деңгей Өздері оқыған көркем әдебиеттен сан есімі бар бес сөйлем жазып келу.
  • І деңгей Сан есімге байланысты жиырма бес сұрақтан тұратын тест құрастыру.