Құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем түрлері туралы білімін тиянақтау, пысықтау.
Дамытушылық: Топпен жұмыс жүргізу арқылы дүниетанымын, ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тілді құрметтеуге, алға қарай ұмтылушылыққа, ынтымақтастыққа баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:интеллектуалды ойын,жаттығулар, ой тастау, топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, «Бәйге» ойыны.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) психологиялық дайындық
ә) сабақтың мақсатын, жоспарын, жүру барысын таныстыру.
б) оқушыларды үш топқа бөлу:
I – топ . «Салалас» тобы.
II-топ. «Сабақтас» тобы.
III-топ. «Аралас» тобы.
- Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы тексеру.
20 | 40 | 10 | 50 | 30 |
30 | 50 | 20 | 40 | 10 |
50 | 20 | 40 | 10 | 30 |
Ұпай саны 10-50-ге дейін.
1-қатардағы — 20. Жайылма сөйлем.
- Шартты бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Жасалу жолдары.
- Жақты және жақсыз сөйлемді салыстыр.
- Мезгіл бағынынқылы сабақтас сөйлем.
- ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
2-қатардағы — 30. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
- Қимыл — сын бағынынқылы сабақтас сөйлем
- Толымды, толымсыз сөйлемдер.
- Талғаулы салалас сөйлем.
- Салалас құрмалас сөйлем.
3-қатардағы 50. Себеп бағынынқылы құрмалас сөйлем
- Қарсылықты салалас
- Қарсылықты бағынынқылы сабақтас сөйлем
- Аралас құрмалас сөйлем
- Түсіндірмелі салалас
Әр топ мұшелері өздері таңдаған сұрақтарға жауап беріп, ұпайларын алады.
Дұрыс емес жауабын келесі топ мүшесі толықтырады.
2).Қайталауға арналған жаттығулар.
«Салалас» тобына арналған үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар: Көп нүктенің орнына жақшада берілген сөзді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру керек.
1.Мақтаны көтерген нәзік қыз алаңқайлау аралықпен зыр (жүгіру, келу)…, жаңа терген мақтасын атып ұрды.
2.Бетіндегі шып-шып теріне мақтаның ұсақ ұлпалары (жабысу)…, беті де мақта сияқты болып кетіпті.
3.Түнде мылтық (атылу)…, дауысы қатты естілді.
- Кеше кешке уақытым (болмау)…, сүйікті телехикаямды көре алмадым.
«Сабақтас» тобына берілген тапсырмалар:
Көп нүктенің орнына салалас құрмалас сөйлем болатындай
етіп толықтыр.
1.Бұрын мұрны шолақтау (болу)…, биыл біраз ұзарып қалыпты.
2.Онда талай жастар білім (алу)…, еліміздің әр жерінде еңбекке араласуда.
- Қыз кітапты партаға (қою)…, оны оқуға кірісті.
- Болат қарындасына сыйлық (әперу, келу)…, бірақ ақшасы жетпеді.
«Аралас» тобының тапсырмасы.
1.Абай үйге (кіру).., Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.
2.Күн (шығу)…, ел тұра (бастау)…, — Нұрлан әлі жоқ.
3.Амантай Серғазыларға (ақылдасу еді)…, Жамантайдың науқасының түрі жаман (болу)… , олар ырық бере қоймады.
4.Білмегенін (білу деп)…, оқушылар ынтығар.
- «Топтастыру» стратегиясы арқылы білімін тиянақтау
4). Тестпен жұмыс.
Интерактивті тақтада берілген тест сұрақтарымен жұмыс.
1). Шартты бағыныңқылы сабақтасты белгіле.
А. Сөз жүйесін тапқан кезде,мал иесін табады.
В .Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
С. Сөз жүйесін тапты, мал иесін тапты.
2). Шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқы сабақтасқа ортақ қосымшаны тап.
А. -са, -се
В. -ғалы, -гелі
С. –дықтан, -діктен
3). Талғаулы салаласқа тән қатарды көрсет.
А. Соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын талдап түсіндіреді.
В. Жай сөйлемнің біріндегі іс,оқиға екіншісіне қарама-қарсы болады.
С. Жай сөйлемдері бір-біріне тәуелсіз,тек біреуі ғана жүзеге асады.
4). Себеп- салдар мәнді жалғаулық :
А. неге десеңіз, сондықтан, өйткені;
В. неге солай, солай, осылай;
С. біресе айтты, кейде айтпады.
5). Сабақтас пен салаласқа тән ортақ термин:
А) ыңғайлас ;
В) қарсылықты;
С) түсіндірмелі.
6). Мақсат бағыныңқы сабақтас.
А .Ойын аяқталған соң, Санжарлар үйге қайтты.
В. Жұмысын ерте бітіргендіктен,қосымша тапсырма бердім.
С. Келгендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбалақтауда.
7). Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
А. Олар теңізге ерте шықты,бірақ жолы болмады.
В. Ұлберген кедей болғанымен,киім-кешегін таза ұстайтын.
С. Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
8). Кезектес салалас сөйлем.
А. Клубта кейде кино болады,кейде қызықты баяндамалар оқылады.
В. Түнгі кезекте болғандықтан ,шаршап та отырмын.
С. Арман өлеңді жақсы айтқанымен, өзін көрсете алмай жүр.
9). Түсіндірмелі салаласты тап.
А. Оларда пасықтық бар, — адамдық жоқ.
В. Тұманның қалыңдығы сонша — түк те көрінбейді.
С. Гұлбаршын сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
10). Ынғайлас мәнді жалғаулық.
А. Бірақ,дегенмен;
В. Алайда, неге десеңіз;
С. да, әрі, және.
Сабақты қорытындылау. Салыстыру:
Интерактивті тақтаға қаламұшпен әр топтың
бір мүшесі өздерінің шеңберін толтырады
ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ
1-топ «Салалас» тобы —
2-топ «Сабақтас» тобы —
3-топ «Аралас» тобы —
Қ/с | Оқушы | Бәйге | Жаттығу | Салыстыру | Тест | Қорытынды |
1. | Айтбек Қ Ағабек Ұ | 30 100 | 10 10 | — 10 | 7 10 | 47 130 |
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
Көркем әдеби шығармалардан бірнеше
сөйлем жазып, синтаксистік талдау жүргізу.