Баяндауыш
Сабақтың тақырыбы Баяндауыш
Сабақтың мақсаты 1. Білімділік:
Оқушылардың баяндауышқа тән белгілері, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны туралы білімін кеңейту;
- Дамытушылық:
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа, байқағыштыққа үйрету.
3.Тәрбиелік:
Алғырлық, сабырлылыққа, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, бағалау парағы, сызба-нұсқалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабақ жоспарымен таныстыру.
1-кезең
2.Үй тапсырмасы.
Сөйлем мүшелері деген не?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?
Бастауыштың сөйлемдегі орны, маңызы қандай?
Бастауышқа тән негізгі белгілер?
Басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігі қандай?
Бастауышсыз сөйлем бола ала ма?
Бастауыштың сұраулары
Логикалық бастауыш деген не?
Бастауыштың жасалу жолдары
Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы.
2-кезең
Интерактивті тақтада берілген сөйлемдерден бастауышты талдау.
Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді.
Жауынгерлер – көптік жалғаулы зат есім; жалпы есім.
Жақсы — ісімен жақсы
Сын есім нөлдік тұлғада заттану арқылы жасалған
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
қатыстық сын есімдер заттық мағынаға ие болып, бастауыштың қызметінде.
3-кезең
Жаңа сабақ: Баяндауыш.
Біріншіден, баяндауыш деген не?
Бұрынғы өткен сабақтарды еске түсіріп, ережесін,сұрақтарын айтып, мысал келтіреді.
Баяндауышқа тән белгілер:
- Баяндауыш бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.
- Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.
- Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді.
а/ ісін, қимылын
ә/ жай-күйін, заттың сандық, сапасын, мөлшерін,
мекенін, мезгілін
б/ іс-әрекеттің сапасын
в/ қасиетін
г/ амалын
д/ кім екендігін, белгісі мен сапа ретін т.б.
- Баяндауыш бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі.
- Предикативтілік білдіруі.
- Олар екі құрамда болады.
- Сөйлемнің бас мүшесі болады.
Осы белгілеріне қарай ереже шығару: Демек баяндауыш дегеніміз — бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін, предикативтілік іс-әрекетті білдіріп,екі құрамда жұмсалатын,
ойды тиянақтап, бастауышқа бағынышты болып тұратын
сөйлемнің бас мүшесі.
Баяндауыштың жасалу жолдарын тірек-сызбалар арқылы түсіндіріп өту
ТАПСЫРМАЛАР:
Тиісті баяндауышты қойып жаз.
1.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін баяндауышты қойып жаз.
Мен сізбен әлі . . . . . . /сөйлесемін/.
Өзен суы айнадай мөлдір боп . . . /ағады/.
- Заттық мағынадағы баяндауыш.
Білім берген, нәр берген — . . . /мектебім/.
- Көсемше тұлғалы баяндауыш.
Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үй-іші . . . . /қуанып
отыр екен/.
- Сын есімнен жасалған баяндауыш.
Шіркін, туған жерімнің табиғаты . . . / сұлу , көркем/.
- Сан есімнен жасалған баяндауыш.
Ұлпан биыл . . . /жетіде/.
- Есімше тұлғалы баяндауыш.
Жұрттың айдаған малы былтырғыдан гөрі . . . /көбейген,
азайған/.
- Есімдіктен жасалған баяндауыш.
Барым да, нарым да бір . . . /өзің/.
- Тұйық етістігінен жасалған баяндауыш.
Менің арманым — қалай да осы мақсатыма . . . /жету/.
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлемдер жазып, баяндауышты талдау.