Абай Құнанбаев «Жаз»
Пәні | Ана тілі 3-сынып | |
Сабақтың тақырыбы: | Абай Құнанбаев «Жаз» | |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттерін арттырады. Тәрбиелілік:топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа,табиғатты аялау сезімдерін оятуға тәрбиелеу | |
Күтілетін нәтиже | Өлеңнің мазмұнын түсінеді, қортынды жасайды Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті артады.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады. | |
Сілтеме | Оқулық 3 сынып,сабақ жоспары. | |
Сабақта қолданылатын материалдар: | 1. Оқулық 2.Интербелсенді тақта,слайдтар, смайликтер | |
Ұйымдастыру кезеңі: | Психологиялық дайындық Құлпыра берші, кең дала, Гүліңді күнде терейін Жапырағыңмен жасыршы Құшағыңа енейін. | |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Қызығушылығын ояту: | Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша) | Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды. 1-топ:Қызғалдақ 2-топ: Түймедақ 3-топ: Роза |
Үй тапсырмасын тексеру | Біз қандай тарауды ақтадық? Осы тарау бойынша эссе жазу. | «Табиғат- менің өз үйім» жазып келген эсселерін оқиды. |
Мағынаны тану кезеңі. | Бейнероликтен«Жаз мезгілі» туралы слайд көреді. «Миға шабуыл» -Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Оны неден аңғардың?
Абай Құанабаев туралы не білеміз?Сызбаға түсіру. | Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.
Абай Құнанбаев туралы білетіндерін сызбаға түсіреді. |
Оқулықпен жұмыс | Жаз өлеңін іштей оқып танысады. | Оқушылар оқып шығады. |
Дәптермен жұмыс | Түртіп алу стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді. | Күркіреп-өзеннің ағып жатқан дыбысы. Шұрқырап-кісінейді. Шалғын-жайылым Жоны-арқасы |
Сергіту сәті | Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары | Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды |
Тапсырма | 1-топ:Жаздыгүнгі табиғат 2-топ: Жаз мезгілі туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер құрастыру. 3-топ: Жазғы жайлау | Постер қорғайды Берілген тақырыптар бойынша қорғап шығады. |
Қорытынды | «Авторлық орындық» соған отырып, балалар өлеңді оқып шығады | |
Үй тапсырмасы | Өлеңді жаттау.Өлең бойынша сурет салу | Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады |
Бағалау | Топтық жұмыс нәтижелерін, жеке жұмыс нәтижелерін қортындылап бағалау. | Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді. |
Рефлексия | -Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар? -Сабақ ұнады ма? | Оқушы жауаптары |