Сын есімнің мағыналық түрлері

Сын есімнің мағыналық түрлері

 

Сын есім заттың түрлі белгілерін тікелей де, басқа екінші бір заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай ерекшеліктерге қарай сапалық және қатыстық деп бөлінеді.

Сапалық сын есімдер — заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер.

Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері

  1. Сапалық сын есімдер негізгі түбір сын есімнен болады: сары дала, тәтті кәмпит, жақсы сөз т.б.
  2. Сапалық сын есімдер шырай жұрнақтарын қабылдайды: кең — кеңдеу — кеңірек — өте кең т.б.

Қатыстық сын есімдер — зат белгілерінің бақа  бір зат қатысы арқылы аныкталуы.

Қатыстық сын есімдердің негізгі белгілері

  1. Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден жасалады: малды ауыл, балалы уй, көлді жер т.б.
  2. Қатыстық сын есімдер шырай жұрнактарымен түрлене алмайды.

 

 

 

 

  1. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар.

 

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп…

 

Қалын ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді — өзі

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан…

 

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

(Абай)

 

  1. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, бір екі баған етіп жазыңдар.

 

Үлгі: Сапалық сын есімдер:           Қатыстық сын есімдер:

ақшыл                                    аттылы

 

Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жаман, жігерлі, отты, егінді,  иманды,  еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, қызылды – жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, жүгіргіш, ұзын, жарық, кең, қысқа.