Етістік шақтары

Етістік шақтары

 

Етістіктің мағынасы іс-әрекетті білдіру болса, кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгілде орындалады. Ол сөйлеуші айтып тұрған мезгілде өтуі мүмкін, немесе үнемі өтіп жататын әрекет болады, сондай-ақ не сөйлеп тұрған кезден бұрын, не кейін орындалуы да мүмкін. Ендеше, етістік шағы сөйлеп тұрған кезге қатысты анықталады.

Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары  етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.

Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.