«Акула», Л. Толстой
Сабақтың тақырыбы: «Акула», Л. Толстой.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын талдата отырып, акула туралы білімдерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтау және сезімін ояту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жан — жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: тақырып жазылған плакат, сөзжұмбақ, акуланың, балықтардың суреттері, парақшалар.
І. Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІІ. Үй тапсырмасы: Мазмұнын сұрау.
ІV. Сөз жұмбақ шешу.
- Қазақстан теңізі
- Каспийде тіршілік ететін балық
- Балықтың көбею жолы
- Балық торы
- Суда өседі, өнеді сыртқа шықса өледі
- Жаңа сабақ: «Ой қозғау»
Акула балықтың бір түріне жатады.
Акула туралы мағлұмат:
Акула теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда да кездеседі. Денесінің ұзындығы 15см — ден 20м — ге дейін болады. Салмағы 14 тоннаға дейін тартады. Акула іштей ұрықтанады, кейбіреулері ұрпағын тірі туады. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген. Алайда бұл әдіс су астында жұмыс істейтін адамдар үшін қолайлы емес. Сондықтан ғалымдар акуладан қорғанатын әдіс ойластырған.
Акула тіршілігін зерттеуші ғалымдар сасып, бұзылған ет тасталған жерге оның жоламайтындығын анықтаған. Ал химиктер бүлінген етте сірке қышқылының болатындығын аңғарып, акуланың сол иістен қашатындығын білген. Осыған орай су астында жұмыс істейтін сүңгуірлер үшін акулалардан қорғауға сірке қышқылды мыс ертіндісін пайдалануға ұсынған.
— Олай болса, балалар, бүгін біз Лев Толстойдың « Акула»мәтінімен
танысамыз. Автормен танысу.
Лев Толстой (1828 — 1910) – орыстың ұлы жазушысы. Тек жазушылықпен ғана айналысып қоймай, ұстаздық іске де атсалысқан. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарды. Әліппе оқулықтарын жазды. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, балаларға арнап жазған әңгімелері, кітаптары бар.
VІ. Оқулықпен жұмыс:
Мұғалім мәтіннің мазмұнын балаларға айтып тұсіреді. Осы мәтіндегі түсінуі қиын сөздермен жұмыс. Зәкір, білте, артиллирист, матрос, палуба — суреттерін көрсетіп түсіндіру.
Сергіту сәті:
Тап – таза мөп-мөлдір суда
Балықтар жүзіп ойнайды.
Біресе керіледі,
Біресе созылады,
Біресе шашылады,
Біресе құмға тығылады.
Сұрақтармен жұмыс.
VІІ. Сұрақтармен жұмыс:
- Балалар ашық теңізде неліктен жүзбекші болады.
- Кенеттен палубадағыларды абыржытқан қандай оқиға болды?
- Балалар акуладан қалайша аман құтылды?
- Осы мәтінге тағы басқа ат қоюға болады ма?
Қорытындылау: Оқушыларды білімін сематикалық кесте арқылы тексеріп, бағалау.
— Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек?
( мұғалім толықтырады)