Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстардың жүйеленуін меңгерту.

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:

алынған білімді  есте сақтауға  дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың  тәрбиелік мақсаты:

Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Басқаның еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын  өлең шумақтарын жазып келу

ІІІ.Жаңа сабақ:

Тапсырма: өздігінен білім алу. Ол үшін топтарды оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдарымен қамтамасыз ету.

«Білімділер» тобы: жуан және жіңішке  дауыстыларды;

«Талаптылар» тобы: ашық және қысаң дауыстыларды;

«Алғырлар» тобы: еріндік және езулік дауыстыларды  өз беттерімен ізденіп, талдап, бір-біріне интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндіреді.

«Талаптылар» тобының кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алғырлар» тобы

«Білімділер»  тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма: Оқулықтағы  жаттығуларды шарты бойынша  орындау.

«Білімділер» тобы: 248-жаттығу

« Талаптылар» тобы: 240- жаттығу

«Алғырлар» тобы: 246-жаттығу

Тапсырма:

«Білімділер» тобы: 12 дауысты дыбыстың әрқайсысына аяқталған сөз жазып шық, оған дауыссыздан басталатын жалғау жалғаңдар.

«Талаптылар» тобы: дауыстыдан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын 12 сөз жазыңдар.

«Алғырлар» тобы: Ә дыбысынан басталатын 10 сөз жазыңдар

 

ІҮ.Бекіту.  Тапсырма: жылдамдықты және есте сақтау қабілеттерін  дамыту үшін барлық оқушыларға бір тапсырма

— дауысты дыбыстарды 12 секундта жаз

— ашық дауыстыларды  3 секундта жаз

— жіңішке дауыстылардың саны

— еріндік дауыстыларды  3 секундта жаз

— қысаң дауыстыларды  3 секундта жаз

— жуан дауыстыларды  3 секундта жаз

— езулік  дауыстылардың саны

 

Ү.Рефлексия  «Дауысты дыбыстар» тақырыбын сатылай кешенді талдау үлгісіне түсіру

Дауысты дыбыстар

1.Тілдің қатысына қарай: жуан,жіңішке

 

         2.Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң

 3.Еріннің қатысына қарай: еріндік,езулік

 

 

4.Жалпы саны:  12

ҮІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау

ҮІІ. Бағалау:  Топ басшылары бағалайды.