Буын түрлері
Буын түрлері
Сабақтың мақсаты: Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту.Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Буын түрлерін ажыртау дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жеке-дара, жұппен, топпен.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Жаңа достар» әңгімесінен бір, екі, үш, ең көп буынды сөздерді теріп жазып келу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісі арқылы.
а/буын дегеніміз не?
ә/ қандай дыбыстар буын құрайды? т.б.
- Интербелсенді тақтамен жұмыс: тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен меңгеруге жағдай туғызамын.
Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.
- 304- жаттығу орындау. Ауызша. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі зұлымдық.
(Абай)
Сөйлемдегі әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.
Айбар- тек тұйық буынды сөздерді, Аспандияр — ашық буынды сөздерді, Ақгүл- бітеу буынды сөздерді тауып жазады.
- Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:
Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ,тор, сұл, та, пыш, рыш.
(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта)
- «Ғарыш» сөзіне фонологиялық және математикалық талдау жасау
ІҮ.Бекіту
1.305- жаттығуды орындау. Жазбаша. Сөйлемдердегі сөздерді буын түріне байланысты бағандарға бөліп жазу. Дәптерде және интербелсенді тақтада орындайды.
Ашық буын | Тұйық буын | Бітеу буын | Аралас буынды |
А-на | ең | шарт | А-дам, ал-ды-мен |
Мәтінен басқа тілден енген сөздерді табу: мектеп, әдебиет
Ү. Бақылау:Тест.
ҮІ. Рефлексия: Доп лақтыру стратегиясы. Доп лақтырып тұрып, бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қою Мысалы:
Буынның неше түрі бар? /3/
Төл дыбыстардың саны қанша? /9/
Дауысты дыбыстардың саны қанша /12/ т.б.
ҮІІ. Бағалау: Топ басшысы бағалайды.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы: Ереже. 302 –жаттығу. С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.