Зат есімнің түрленуі Көптік, тәуелдік жалғаулары

Сабақтың тақырыбы:  Зат есімнің түрленуі Көптік, тәуелдік жалғаулары

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Зат есімнің мағыналық топтарын еске түсіру, зат есімнің түрленуін, өзіндік ерекшеліктерін меңгерту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық мұраларды, тарихты қастерлеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі:                              Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:              Түсіндірмелі, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, талдау

 

 

                                   Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Грамматикалық мағына үстейді

Зат есім  +  жалғау

Екінші сөзбен байланыстырады

 

Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты сөздер жіктеледі.

 

Көптік жалғау(6) : -лар, — лер, -дар, -дер, — тар, -тер

 

Көптік жалғау сол заттың көптігін ғана емес, сол заттың көпке ортақ екенін де білдіреді.

 

Зейнеп + тер, апам+дар

 

Ескерту:

Мал

Мұнай                    +   к.ж.

Газ

Тары

 

Тәуелдік жалғау

Бір заттың екінші затқа тәуелді екенін білдіреді

 

Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғауы жалғанған сөзбен байланыстырады.

 

Оңаша                                                                       Ортақ

І.ж       -ым, -ім, -м                                        -ымыз, -іміз,мыз, -міз

ІІ ж.    -ың, -ің, -ң                                         -ыңыз,            -іңіз, -ңыз, -ңіз

-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІІж.    -сы, -сі, -ы, -і                                     -сы, -сі, -ы, -і

 

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа неадамға тәуелді екенін білдіруді оңаша тәуелдеу, ал бір не бірнеше заттың көп адамға тәуелді екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейміз.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

34-жаттығу

  1. Түсініп оқу
  2. Ауызша тіл дамыту
  3. Дәптермен жұмыс

Зат есімдерді теріп жазып, жалғау түрлерін ажырату

Қағанат+ы+ның, негіз + і + н, қалаушы + лар + дың

 

36-жаттығу                Ауызша талдау

 

37-жаттығу

Көптелетін және көптелмейтін зат есімдерді теріп жазу

 

Көптеледі                                         Көптелмейді

Халық                                                           мұнай

Байлық                                              көмір

Мемлекет                                          алтын

Қазақ                                                 мыс

Ұлт                                                    уран

Жүн

Мақта

Астық

Ғарыш

Аспан

Төмендегі сөздерді тәуелдеу:

Үй, киім, бала, Отан, бөлме

 

38-жаттығу

Қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздерді байланысқан сөзімен теріп жазып, нешінші жақта тұрғанын ажырату.

 

Жердің жүзін – т.ж. ІІІж.

Күннің көзін – т.ж.ІІІ ж.

Ордасын – т.ж. ІІІ ж.

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 35-жаттығу