Сан есімнің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есімдер туралы 6-сыныпта алған білімдерін тереңдету, сан есімдердің түрлену ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу жұмыстары арқылы жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сан есімдерді түрлеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есім – сандық ұғымды білдіреді.
- Заттың санын білдіреді (қанша? Неше?)
- санның атауын (не?)
Сан есімнің түрленуі біркелкі емес.
- Есептік, реттік сан есімдер заттық ұғымда септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алады.
- Есептік сан есім сандық ұғымды білдіргенде, түрленбейді.
Заттық ұғымда түрленеді.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты сойған батырмыз.
- Жинақтық сан есімнің заттық қасиеті болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды қабылдай береді.
- Бөлшектік сан есімдер септеледі, бірақ көптелмейді, тәуелденбейді.
Жіктік жалғауын қабылдап, заттық ұғымда қолданылады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
85-жаттығу
- Сан есімдерді тауып, түрленуін түсіндіру
Сен биыл ондасың ба? Ол жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді.
- Өлеңді мәнерлеп оқу
86-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Сөзбен жазу
- Құрамына қарай талдау
87-жаттығу Өзіндік жұмыс
- Сан есімдерді мағынасына қарай ажырату
- Сөйлем құрау
89-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату
- Үшінші бөлімді емлесі бойынша жазу
10 шақты, 50-60-тай, т.б.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 88-жаттығу