Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, сан есімнің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, өнерді, тарихты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының сөздерді саралап, сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуін, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін, ой тұжырымдай білуін дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 88-жаттығу берілген болатын.Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
- Сан есім заттың санын, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады.
Мен жетінші сыныпта оқимын.
І.С-де заттанып та анықтауыш болады.
Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
- С.е. атау септігінде бастауыш болады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
- Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Бес тармақты жұлдызбыз.
- Сан есім септеліп те, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.
Оқушылар спорт алаңына үштерде жиналмақшы.
- Б.,Т., Ж., Ш.,К. септіктерінде толықтауыш
- Сан есім + зат есім сөйлемнің күрделі мүшесі
Сан есім – қатыстық сан есім
Біз кеше 100 метр қашықтыққа жүгірдік.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
90-жаттығу
Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау
Шайхат шай ішіп отыр. Ту сыртынан үйелмелі- сүйелмелі төрт ұл, екі қыз күрең патефонға үймелей қапты.
91-жаттығу
Сан есімдерді тіркескен сөзімен іріктеп жазып, қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.
Жиырма үйлі – қанша ? – анықтауыш
Он түйесінің – қанша? – анықтауыш
Сегізінен айырылып – нешеуінен? – толықтауыш
92-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Сан есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай ажырату
бірі – е.с.е., т.ж.ІІж.
төртінші – р.с.е
екі мың – е.с.е., күрделі
Шығармашылық жұмыс
«Уақыт — таразы» деген тақырыпқа мақала жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Сынақ тапсырма бойынша жұмыс