Есімдіктердің түрленуі Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сабақтың тақырыбы:  Есімдіктердің түрленуі Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдіктердің түрленуі, жіктеу есімдігінің түрлену ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге, ерлікке, ардагерлерді құрметтеуге, тарихты қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, ойын, талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге сынақ тапсырма бойынша жұмыс жасап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Сан есімдердің түрленуі дегеніміз не?
  • Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  • Қай жағдайда сан есім пысықтауыш қызметін атқарады?
  • Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі қандай?

 

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе

Есімдіктерді, оның мағыналық түрлерін еске түсіріп өту

 

Ү. Жаңа сабақ

Есімдік есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

 

Заттық ұғымдағы есімдіктер (мен, сен, ол, кім, не, т.б.) септеледі, көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

 

Заттың белгісі ұғымындағы есімдіктер өз мағынасында өзгермейді.

Заттанып барып түрленеді.

 

Жіктеу есімдігі заттық мағынада зат есімдерше септеледі, жіктеледі.

 

Мен, сен, ол – ерекшеліктері:

  1. І.,Б, Т., Ш. септіктерінде түбірдегі н,л түсіп қалады.
  2. Ж.с-де түбірдегі л      н
  3. Б.с-де   л,н   түсіп қалып,  түбірге –ған  болып жалғанады, түбір жуандайды.
  4. К.с түбір  +ы, -і  + К.с.

 

Жіктеу есімдігі өз жағындағы жіктеу есімдігін ғана қабылдай алады.

 

 

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

93-жаттығу

Оқып шығып, заттық ұғымдағы есімдіктерді бір бөлек, заттық белгіні білдіретін есімдіктерді бір бөлек жазу

 

Заттық ұғым                                     Заттық белгі

өзі                                                                  бұл

осы                                                                сол

 

 

94-жаттығу

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнын түсіндіру
  3. Есімдіктерді тауып, талдау

Сен – ж.е., А.с.,ІІ жақ; бізді – ж.е., Т.с., Іж.к.т.

 

 

95-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнына талдау жасау
  3. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, тұлғасына талдау жасау

 

 

96-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұны бойынша сұрақ дайындау
  3. Жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеу.

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу
  2. «Мен ерлік жасау дегенді қалай түсінемін» шығарма жазу