Болымсыздық, жалпылау есімдіктерінің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, жалпылау есімдіктерінің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Болымсыздық, жаплпылау есімдіктерінің түрлену ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені, ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге, елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, сөйлем мүшелеріне талдай білуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап, дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 108-жаттығудың 1-азат жолына синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Болымсыздық есімдіктерінің ішінде зат есім орнына қолданылатындары: ешкім, ешнәрсе, ештеңе, ешқайсысы, дәнеме.
Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есімдерше түрленеді: септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, көптеледі.
Жалпылау есімдіктерінен барлық, барша, бәрі деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді, септеледі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген болымсыздық, жалпылау есімдіктерін ауызша түрлендіру ( септеу, тәуелдеу)
2-тапсырма
Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
Бәріміз әлдене есімізге түскендей ду күлдік. Күләш апай еш нәрсені ұға алмай, таң-тамаша қалды. Онымен енді ешкім таласқан жоқ. Бәріміз де осы тау басына талай көтеріліп жүрсек те, бүкіл әлемді жаңа көргендей, айналамызға таңырқай қарадық. Аталарымыз тұмсығы тесік құстың бәрін табиғаттың адал перзенті санап келеді. Мұнан кейін директор ешкімге сөз берген жоқ. Мұның бәрінің бір табиғи құпиясы болуға тиіс.
Шығармашылық диктант
- Мәтін ішіндегі есімдіктерді басқа сөздермен алмастырып жазу
Қойайдар бидің айтқанын бәрі мақұл көрді. Әлдекім еркін аттап ішке кірді. Райымбектің сөзін осында отырған үлкен-кішінің бәрі қостады. Бұл науқасты бастаған Наурызбай қолы еді. Оның да осы жолы сайлаған сарбазы мыңнан кем емес болатын. Кейінгілер бұларды көріп, екпінін бәсеңдетті. Бұлар кідірген жоқ. Бұл бәрімізге белгілі жайт. Онысына әркім әр түрлі баға берді.
- Сын есім, сан есімдердің орнына есімдіктерді қойып жаз.
Алғашқы үрдісте азды-көпті жеңіске жеттік. Енді жастардың бас қосуы сылтауымен жеңісімізді тойлаймыз. Түпкілікті жеңіске сенім орнатып, мақсат-мұратымызды айқындаймыз. Жастар үлкендердің қабағына қарап іркіліп жүр. Екеуінің өң-түстері салқын, қабақтары түнеріңкі.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері бар сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажырату.