Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің түрленуі, оның білдіріп тұрған іс-әрекетінің түрлі уақытта орындалатыны, белгілі жұрнақтар арқылы нақты ұғымға ие болатындығы жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, табиғатты сүюге, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын, ойын, тілін, шығармашылықпен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, бес жолды өлең
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Сөйлеп тұрған кезде Іс-әрекеттің сөйлеп Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
болған іс-әрекет тұрған кезден кейін кезден бұрын болғаны
болғаны
Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке
- –ды, -ді, -ты, -ті,
- -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
* Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.
* Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Оқы – ған – мын
Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.
Сөйлеп отыр-ған-сың.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Әңгімелеу
- Дәптермен жұмыс
Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау
- Құстар қалай сайрайды?
Қаздар қаңқылдайды, үйрек құрқылдайды.
123-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Етістіктерді шақтарына қарай теріп жазу
1-қатар: осы шақ
2-қатар: келер шақ
3-қатар: өткен шақ
- Морфологиялық талдау
1-азат жол.
- Синтаксистік талдау жасау
2-азат жол.
Шығармашылық жұмыс
«Аққу – құстың төресі» ойтолғау жазу
«Аққу» сөзіне бес жолды өлең құрастыру
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 124-жаттығу