Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ
Сабақтың тақырыбы: Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы алған білімдерін тереңдету, осы шақ, оның түрлері, нақ осы шақтың жасалу жолы жайында білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ерлікке, шыдамдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздерді талдай білуге үйрету
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және 121-жаттығу бойынша «Аққу – құстың төресі» деген тақырыпқа эссе жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеріп, бағалаймын.
Қосымша сұрақтар:
- Шақ дегеніміз не?
- Шақтың түрлерін ата.
- Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
- Осы шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын білдіреді.
- Әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіреді.
Осы шақ
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Құрамына қарай:
- жалаң: 4 қалып етістігі: отыр, тұр, жатыр, жүр
- күрделі: негізгі етістік + -ып, -іп, -п + жіктік жалғауы
-а, -е , — й
Ү. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу Ауызша
- Мәнерлеп оқу
- Осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді атау
123-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасау
- Ауызша тіл дамыту
Тақырып неліктен «Ер ана» деп аталғанын әңгімелеу
124-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Көшіріп жазып, нақ осы шақтың астын сызу
- Морфологиялық талдау жасау
125-жаттығу Ауызша тіл дамыту
- Мәнерлеп оқу
- тақырып қою
- Нақ осы шақ етістіктерді тауып, дәлелдеу
126-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
- Оқу
- 125-жаттығу