Ауыспалы осы шақ
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Осы шақ етістіктер туралы алған білімдерін тереңдету, ауыспалы осы шақ, оның ауыспалы келер шақтан айырмашылығы жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шынайы достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем мағынасына мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай білуін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, терме жұмысы, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ днейміз.
А.о.ш. = етістік + -а, -й, -е + ж.ж.
Ауыспалы осы шақ, яғни көсемшенің жіктелген түрі сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:
- а.о.ш.
- а.к.ш сондықтан ауыспалы деп аталады.
Мағынасы сөйлемде ажыратылады.
Көлдің жағасында отырған ауыл бұлдырап көрінеді. – а.о.ш.
Мен Балжанды үйше алып қайтамын. – а.к.ш.
Ауыспалы осы шақтың күрделі түрі етістікке –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып, көмекші етістікке –а, -е, -й жұрнағынан кейін жіктеліп келіп жасалады.
Көр-ін-е-ді көр-ін-іп кел-е-ді
Айт-а-ды айт-ып отыр-а-ды.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
127-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Ауызша тіл дамыту
Өздеріңнің достарың туралы не айтар едіңдер?
- Ауыспалы осы шағы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау
Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.
128-жаттығу Теріп жазу
Н.о.ш А.о.ш
әкет-іп жатыр елесте-й-ді
иіліп тұр ойна-й-ды
мәпелеп күт-е-ді
130-жаттығу
А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру
Ағады – ағып жатыр
Шығады
Ысқырып ойнайды
Қудалайды
Сайрайды
Қосылады
Жырлайды
Қосады
Өзіндік жұмыс Тапсырма бойынша әңгіме құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
129-жаттығу