Мақсатты және ауыспалы келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Мақсатты және ауыспалы келер шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Болжалды келер шақ туралы алған білімдерін тереңдету, мақсатты, ауыспалы келер шақ туралы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды аңғарымпаздыққа, ұғымталдыққа, көрген-білгенін есте сақтап, зердесіне тоқи білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздерді шағына қарай талдай білу машықтарын жетілдіру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 136-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Келер шақ дегеніміз не?
- Түрлері
- Болжалды келер шақ қалай жасалады?
- Болымсыз етістіктен жасалған болжалды келер шақты ата.
ІҮ. Жаңа сабақ
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің келешекте мақсат ете орындалатынын білдіреді.
Етістік + -мақ, -мек, -бақ, -бек + ж.ж.
Мен ауылға бармақпын.
Немесе
Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + ж.ж.
Болымсыз түрі:
Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + емес
Ауыспалы келер шақ
Көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сөйлемдегі мағынасы арқылы аңғарылады.
-мын, -мін І жақ кейде –м ( ауызекі сөйлеу тілінде)
Ү. Жаңа сабақты бекіту
137-жаттығу Морфологиялық талдау, болжалды келер шақтың астын сызу
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.
138-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау
140-жаттығу
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдыру.
143-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Мазмұнын баяндау
- Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 141-жаттығу