Бұрынғы өткен шақ
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен шақтың түрлері жөнінде алған білімдерін тереңдету, бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары жайлы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ел тарихын сыйлап, қастерлеуге, үлгі тұтуға, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 148-жаттығу бойынша Потанинге мінздеме жазып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын оқытып, жедел өткен шақ етістіктерді тапқызамын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары:
-ып, -іп, -п + ж.ж.
— ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.
немесе
-ып, -іп, -п + еді, екен + ж.ж.
— ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.
-ып, -іп, -п арқылы жасалса, тұжырымды, айғақты ой айтылады.
-ған, -ген, -қан, — кен — көзі толық жетпейтін ой. Ертегілерде көп кездеседі.
Ү.Жаңа сабақты бекіту
149-жаттығу
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Бұрынғы өткен шақтық мағынаны білдіріп тұрған етістіктерді теріп айту
- Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, көшіріп жазу, морфологиялық талдау жасау.
150-жаттығу
- Ә.Бөкейхан туралы не білеміз? Оқушы ойларын тыңдау.
- Ә.Бөкейхан туралы қосымша мәлімет беру
Әлихан Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысына қарасты 7-ауылда, қазақ хандарының тікелей ұрпағы Нұрмұхамедтің отбасында дүниеге келген еді. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен Шығыстың қисса-дастандарын жақсы білетін, ұлы Абайдың асқақ ойлы шығармалары мен оның талантты шәкірттерінің туындыларын жаттап өскен ортада бой түзеген Әлихан үш кластық бастауыш мектепті, уезд орталығындағы үш жылдық училищені, Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училищені де ойдағыдай бітіреді. Өте жақсы оқуы және ерекше тәрбиелілігі арқасында ол 1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс-хатымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтына түседі.
Туасы зерек Әлихан Бөкейхан студент кезінде-ақ Ресей орталығындағы саяси жағдайлардан тыс қала алмады. Сабақтан тыс кездерде марксизм іліміне ден қойып, қызу пікірталастарда оның экономикалық материализм қағидаларын қорғайды. Қоғамдық белсенділік танытып, әртүрлі студенттік толқуларға да араласады. Мұның барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құрылымын, оның қазақ даласындағы отаршылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуіне игі ықпал етеді.
Ә.Бөкейхан –қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. 1913 жылы А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін ұйымдастырады. Алашорда үкіметінің төрағасы.
- Мәтін мазмұнымен танысу
- Мазмұнына талдау жасау
- Мәтіннің 2-азат жолына синтаксистік талдау жасау.
151 – жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Тақырып қою
- –ған, -ген, -қан, -кен формалы етістіктерді теріп жазып, оларды жедел өткен шақпен салыстыру.
Ү. Қорытынды.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Етістіктің бұрынғы өткен шақ түріне сөйлемдер жазып келу