Шартты рай
Сабақтың тақырыбы: Шартты рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін тереңдету, шартты рай, оның жасалу жолдары, білдіретін мағынасы туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мақал-мәтел, жұмбақтардың мазмұны арқылы жаман қасиеттерден жиреніп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сөздерге талдау жасай білу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 170-жаттығу бойынша сөйлемдерге морфологиялық талдау жасауға және бата жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұрап, жаттаған баталарын сұраймын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы
- Бұйрық райлы етістіктің жіктелу ерекшелігі туралы айтыңдар
ІҮ. Жаңа сабақ
Көп іздесе, жоқ табылар.
Етістіктің шартты райы іс-әрекеттің болу, болмау, іске асу, аспауының шартын білдіреді.
- Өмірден көп нәрсені үйренсек, көрсек дейміз.
- Қатты айтсаң, қарындасыңа да жақпайсың.
- Шартты райлы етістік тиянақты ойды білдіре алмайды.
- Көмекші етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
- Шартты рай жедел өткен шақ етістік сияқты жіктеледі.
- Үнемі шартын білдіре бермейді.
- Кейде мезгілдік, кейде қарсылық мән білдіреді.
- Шартты рай + І, ІІ ж.ж.ж. + — шы, -ші өкіну, налу мағынасын білдіреді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма бойынша жұмыс:
- –са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре ме?
- Шартты райла етістікке жұрнақ жалғана ма? Жалғанса, қандай мағынап пайда болады?
171-жаттығу
- Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау. Шартты райлы етістіктердің астын сызу
172-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген етістіктерді шартты райға айналдырып, сөйлем құрау
1-қатар: сана, жаз
2-қатар: жүргіз, тазарт
3-қатар: санама, бүлдірме
173-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату
Шартты райлы етістіктері бар мақал-мәтелдерді еске түсіру
- Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
- Тіл тас дарады,
Тас жармаса, бас жарады.
- Батыр туса, ел ырысы.
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
- Ер жігіт айтпайды, айтса, қайтпайды.
- Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
ҮІ . Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Оқу, 173-жаттығудың 2-бөліміне грамматикалық талдау жасап келу.