Бұйрық рай
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін кеңейту, бұйрық рай, оның жасалу жолдары, жіктелу ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еріншектік, сараңдық, қыңырлық сияқты мінез-құлықтардан аулақ болуға, қиындыққа мойымауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, өзіндік жұмыс, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 166-жаттығу бойынша берілген ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бір жаққа қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
Бұйрық рай :
- Бұйрық
- Тілек
- Талап ету
- Ниет ету мағыналарын білдіреді.
І, ІІ жақта талап, бұйрық мағынасын білдірсе,
ІІІ жақта ниет ету мағынасы басым.
Басқа райдан ерекшелігі:
- Етістіктің ерекше жіктелуі арқылы жасалады.
- ІІ жақ анайы түрде қосымша жоқ.
- І жақ түбір + -айын, -ейін, -йын, -йін (жекеше түр)
-айық, -ейік, -йық, -йік (көпше түр)
- ІІІ жақ. Түбір + -сын, -сін
Бұйрық рай –шы, -ші жұрнақтары жалғану арықылы өтініш, тілек мағынасын да білдіреді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
167-жаттығу Ауызша талдау
- Мақал-мәтелдерді оқу
- Бұйрық райлы етістіктерді тауып, талдау жасау
168-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Тақырып қою.
- Етістіктерді теріп жазып, талдау
169-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- М.Қашқари сөзінің мазмұнына талдау жасау
- Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау
Өзіндік жұмыс Грамматикалық калейдоскоп
Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау
Қиянат, ұрлық, кісі, өтірік, ғайбат, жасау, ата-ана, айт, қамқорлық, кіші, үлкен.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
170-жаттығу, морфологиялық талдау, бата жаттау