Қалау рай
Сабақтың тақырыбы: Қалау рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін тереңдете отырып, қалау райың мағынасы, жасалуы туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ой дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 173-жаттығудың 2-бөлімі бойынша берілген жұмбаққа грамматикалық талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Шартты рай дегеніміз не?
- Шартты райдың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
- Мысалдар арқылы өз ойларыңды дәлелдеңдер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Етістіктің райларының ішінде мағынасы және жасалуы жағынан ерекше түрі – қалау рай.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.
- Менің көп жұмысты атқарғым келеді.
- Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібергейсің.
- Ербол өзіне берілген тапсырманы уақытында орындаса игі еді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген етістіктерді қалау райлы етістіктің жасалу жолының барлық түріне қойып айту
- Ойнама
- Берме
- Көр
- Жасыр
- Тарсылдатпа
- Тік
- Бақыла
174-жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
- Шартты райлы етістіктердің астын сызып, білдіретін мағынасын ажырату
175-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрау
177-жаттығу
Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау.
Шығармашылық жұмыс.
«Менің арманым» деген тақырыпқа қалау райлы етістіктерді қатыстыра отырып, шағын эссе жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
176-жаттығу