Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың тақырыбы:                  Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін бекіту, олардың жасалу жолдары мен өзіндік ерекшеліктерін қайталау.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ерлікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, әдебиетті, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, рай түрлерін ажырата білуге машықтандыру.

Сабақтың типі:                                          Қайталау сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ой дамыту, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 176-жаттығу бойынша «Ойланыңыз, табыңыз» деген тапсырма бойынша жұмыс жасап келуге берілген болатын.

 

ІІІ. Өткен сабақты қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

 

178-жаттығу

Етістіктерді теріп жазып, шағына, райына ажырату

 

Болатын – а.ө.ш., ашық рай

Көрінеді – а.о.ш., ашық рай.

Бекінген – б.ө.ш., ашық рай, т.б.

 

179-жаттығу

  1. Ф. Оңғарсынованың өлеңін мәнерлеп оқу
  2. Мәтіндегі ашық рай, бұйрық рай және қалау райлы етістіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасау

 

Ашық рай                  Қалау рай                  Бұйрық рай

 

 

 

 

180-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнына талдау жасау
  3. Топтық жұмыс

1-қатар :  Сөйлемдерден етістіктерді теріп жазып, шағын, райын ажырату

2-қатар: Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау

3-қатар:  Шығармашылық жұмыс

«Бақыт дегеніміз не?» деген тақырыпқа рай түрлерін қатыстыра отырып, шағын шығарма жазу

 

 

Пысықтауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

Мақал-мәтел, өсиет сөздердің негізінде «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам» тақырыбында шығарма жазу.